ОСК Президент сайлауының соңғы қорытындысын шығарды

2331

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Президент сайлауында жеңіске жеткенін жариялады.

ОСК Президент сайлауының соңғы қорытындысын шығарды

2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс Президент сайлауына "Нұр Отан" партиясының атынан қатысқан үміткер, іс басындағы Мемлекет басшысы "Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым дауысына ие болып, жеңіске жетті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысын жинады", – деді ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Дауыс саны бойынша 1 495 491  немесе 16,23%-бен екінші орында оппозиционер Әміржан Қосанов болды. 

Айта кетейік, Президентті ұлықтау салтанаты 12 маусымда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу