Мемлекеттің экономикаға араласуын тыю өз мақсатына жеткен жоқ

Аскар Муминов Аскар Муминов
2721

ЖІӨ құрылымындағы квазимемлекеттің үлесі өзінің шегіне жетті.

Мемлекеттің экономикаға араласуын тыю өз мақсатына жеткен жоқ

Квазисектордың шектен тыс өсуі – экономиканы төменге тартады, оның ашықтығы әлі шешілмеген мәселе, ал сектордың тиімділігі мәз емес. Белгілі қазақстандық сарапшылар "КИПР" сараптамалық тобының алаңында өткен талқылау барысында осындай қорытындыға келді.

Пікірталас кезінде квазисекторды трансформациялау (ал бұл міндет президенттің 2015 жылғы жолдауында көрсетілген) барысында жұмыстың тиімділігі, квазисектордағы қабылданатын шешімдердің сапасы мен ашықтығы мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отырғандығы айтылды.

Zertteu Research Institute ОФ директоры Шолпан Айтенова есеп комитетіне сілтеме жасай отырып мәліметтерді келтірді. Бұл мәліметтерде бюджетке соңғы үш жылда түскен дивиденттер, кірістің таза бөлігі, мемлекет меншігіне қатысушы кірістер үлесі салымдардың көлемінің тек11%-ын ғана құраған. 

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, ұлттық компаниялар 2016 қаржылық жылды 21,4 млрд теңге шығынмен аяқтаған, ал табыстылық деңгейі 4,9%-ды құраған. 2017 жылы республикалық бюджеттен қаржылық активтерді сатып алуға жоспарланған 162 млрд теңге әр түрлі мемлекеттік акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарын толықтыруға жіберіледі. Оның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ға – 57,7 млрд теңге, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ-ға – 23,9 млрд теңге, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ-ға – 18 млрд теңге, "ҚазАгро" АҚ-ға – 14,9 млрд теңге берілген.

2017 жылы акционерлік қоғамдар үшін республикалық бюджеттен жоспарланған 184 млрд теңге бюджеттік несиенің 63%-ын "Бәйтерек" ҰБХ АҚ алады.

Ашықтық жоқ
Шолпан Айтенованың айтуынша, мемлекет квазимемлекеттік сектордың қаржылық-шарауашылық қызметінің нәтижесіне қарамастан бюджеттен қаржыландыру тоқтамай отыр. Квазимемлекеттік секторды басқарудың тиімділігін бағалау мен сараптау саласындағы заңды актілерді сараптау нәтижесі салада асыра сілтеудің барын, ақпараттың қайталанатынын, жұмыс істемейтін көптеген бағалау рәсімдері, квазимемлекеттік секторды және мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін аралас бағалаудың бар екенін көрсетеді.

Сондай-ақ компанияның белгіленген қызметіне қарамастан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиімділігін бағалау тәсілдері, мемлекет меншігіне ие болу мен басқару арасын нақты шектеу, жұмыстың нәтижелігі мен сыйақы беру жүйесі арасында өзарабайланыс жоқ және сектордың жағдайына жыл сайын шолу жасалмайды.

Мониторинг жасау нәтижесінде қазіргі уақытта сектордағы шешімдерді қабылдау жүйесі де анық емес. Шолпан Айтенова мемлекет мүлігін басқару жөніндегі өкілетті органның әлеуетін бағалау және мемлекеттік жоспарлау орталық органы квазимемлекеттік сектордың барлық заңды тұлғасын мониторинг және бағалау жүйесімен қамту қажет деп есептейді.

Ол мемлекет мүлкін басқару және мемлекеттік кәсіпорындарды өзінің жеке мүлкіндей иелену тиімділігін бағалауды шектеу мақсатында мемлекет мүлкін басқарудың тиімділігі мониторингі мен бағалаудың қазіргі ережесіне түгендеу жүргізу керек деп есептейді. Сарапшының айтуынша, мемлекеттік кәсіпорындарды ЕЫДҰ ұсыныстарына сай корпоративтік басқару бойынша мемлекеттің қатысумен жұмыс істейтін кәсіпорындарға корпоративтік басқарудың бірыңғай принциптерін әзірлеу мен қабылдау қажет екенін айтты.

"Қазір мемлекеттік мүлікті емес, квазимемлекеттік секторды бағалап, мониторинг жүргізетін өкілетті органды анықтап алу қажет. Мемлекеттік компаниялардың қоржынын құқықтық түрде емес, тағайындалу бойынша қалыптастыру керек. Сондай-ақ мемлекеттік компаниялардың құқықтық түріне қарамастан жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Бюджеттік қаржыландырудың көлемі сектор субъектілері жұмысының қаржылық нәтижесіне, олардың тиімділігіне тәуелді емес. 37 ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания және ұлттық компаниялардың ақпаратын ашу мен ашықтығын бағалау субъектілердің есептілікке немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Есептердің көбісі негізінен реттеуші органдар мен инвесторларға жіберілген, парламент пен қоғам алдында есеп беру жүйесі жоқ", – деді Шолпан Айтенова.

Мемлекеттің үлесі жоғарылаған сайын, ЖІӨ үлесі төмендей береді

Green Point сараптама департаментінің директоры Данияр Қуаншалиев елдің ЖІӨ-де мемлекеттік шығының үлесі жоғары болған сайын экономиканың орташа өсуі соншалықты төмен болатынын айтты. ЖІӨ-ге жіберілген мемлекеттік шығындардың ең көп болған кезі 2009 жыл, ол кезде бұл деңгей 28,0% болған. Жылдың қорытындысы бойынша елдегі ЖІӨ-нің жылдық өсуі небәрі 1,2% болғанын да сарапшы атап кетті.   

"Квазимемлекеттік сектор жыл сайын "өсіп келеді". 2008 жылы ұлттық холдингтердің активтері ЖІӨ-нің 47%-ын құрап, 7,5 трлн теңге болды. Ал бүгінгі күні бұл ЖІӨ-нің 59,7%-ын, яғни 27,5 трлн теңгені құрап отыр. Жекешелендіру бағдарламалары да мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтпайды. Соңғы уақытта Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің саны жалпы жұмыс істейтіндер үлесінде 19,2%-дан 23,2%-ға дейін өсіп, 4% болған. Шындығында мемлекеттік қызметкерлер саны 1,56 млн адамнан 1,96 млн адамға дейін өскен", – деп Данияр Қуаншалиев мәліметтерді келтірді.

"Талап" қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Ошақбаев квазисектордың 5,4 трлн теңге ақшалай қаражаты екінші деңгейлі банктерде орналасқанын айтты. 2016 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан банктері шотындағы квазимемлекеттік сектордың қалған ақшасы 5,3 трлн теңге болған. Осылайша, қазіргі уақытта банк секторының өтімділігі квазимемлекеттік сектордың ақшасы есебінен қалыптасып отыр. Үкімет квазимемлекеттік секторды өтімділікпен қамтуда, ал Ұлттық банк болса жоғары базалық мөлшерлеме арқылы жоғары өтімділікті алуға мәжбүр. 2016 жылы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан квазимемлекеттік секторға 1 трлн теңге аударылған. Ал ҚР Ұлттық банкінің ашық позициясы 2016 жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша 1,1 трлн теңге болған.

Рақым Ошақбаевтың айтуынша, бюджет пен Ұлттық қордың ақшасы дағдарысқа қарсы шаралар дегенді желеу етіп квазисекторды қаржыландыру үшін қолданылып жатыр. Сондай-ақ соңғы тоғыз жылда квазисекторға 34 млрд доллардан артық ақша бөлінген, ал қайтарылғаны тек 1,6 млрд доллар ғана.

Мемлекет мемлекеттік компанияларды қолдауға тиіс емес
Экономикалық зерттеу ұлттық бюросының директоры Қасымхан Қаппаров мұнай бағасы жоғары болып тұрған кезде мемлекеттік компаниялар көптеген қаражатты инфрақұрылымдық жобаларға, шетелдік активтерді және әлеуметтік жобаларды сатып алуға қалай болса солай жұмсаған. Осы шығындарды қаржыландыру үшін мемлекеттік компаниялар шетелен қарыз алған, сөйтіп квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 23 млрд долларға дейін өсіп кеткен. Ал мұнай бағасы түскен кезде мемлекеттік ірі компаниялар сыртқы қарызды төлей алмай мемлекеттен көмек сұраған.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы ұлттық қордан 4 млрд доллар, ал "Қазақстан темір жолы" компаниясы БЖЗҚ-дан 50 млрд теңге алған. Осылайша, мемлекеттік компаниялардың сыртқы қарызы "көзге көрінбейтін мемлекеттің қарызы" болып шыға келген, ал мемлекеттік компаниялар менеджерлері жұмысының тиімділігі төмен болғаны үшін Қазақстанның барлық азаматтарына төлеуге тура келіп отыр", – деді Қасымхан Қаппаров.

Директор ТОО Oil Gas Project ЖШС директоры Жарас Ахметов болса мемлекет қазіргі операциялық шаруаға жиі араласатынын, әсіресе, бұл жеке банктер мен зейнетақы қорларына қатысты проблемада көрініс тауып отырғанын айтты.

"Мұның барлығы акционерлердің компанияның ағымдағы жұмысына жиі араласуынан туындайды. Мұнымен күресу керек. Мемлекет денсаулық сақтау мен білім беру саласынан басқа мемлекеттік компанияларды қолдауға тиіс емес екенін түсінген кезде ғана біздің жағдайымыз өзгереді", – деп қорытындылады ол.

Гүлназ Ермағанбетова, Асқар Момынов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу