Месси хет-трик жасап, Аргентинаға жарқын жеңіс сыйлады

J тобының бірінші турында әлем чемпиондары Алжир құрамасын 3:0 есебімен қапы қалдырды.

Месси хет-трик жасап, Аргентинаға жарқын жеңіс сыйлады Фото: Michael Steele/ Getty Images

Осылайша, Аргентина құрамасы 2026 жылғы мундиалды сенімді жеңіспен бастап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Кездесудің жұлдызы Лионель Месси болды. Аргентиналық шабуылшы матчтағы салынған 3 голды да өз атына жазып, хет-трик авторы атанды. Бұл нәтижесі Әлем кубогындағы ең үздік сұрмергендер тізіміндегі жағдайын жақсартты. Даңқты футболшы 16 гол соққан германиялық Мирослав Клоземен теңесті. 

Жаза кетейік, Месси матчтың 17-минутында мергендігімен танылды. Екінші голын 60-минутта соқса, 76-минутта тағы бір рет қақпа торын тулатып, таблодағы көрсеткішке нүкте қойды. 

Осылайша, Аргентина әлем чемпионатының алғашқы турында 3 ұпай еншілеп, J тобында көшбасшылық танытты. 

Бұған дейін I тобында Норвегияның Иракты, Францияның Сенегалды жеңгенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу