Мессидің мансабын қайда аяқтайтыны белгілі болды

Әлемге әйгілі футболшы мен "Интер Майами" клубының келісімшарты осы жылдың соңында бітеді. 

Мессидің мансабын қайда аяқтайтыны белгілі болды Фото: Sportbox

37 жастағы аргентиналық ойыншы осы кезде мансабын қайда аяқтау туралы ұсыныстарды қарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

El Nacional-дың жазуынша, ол өзі түлеп ұшқан "Ньюэллс Олд Бойз" клубына оралуы әбден ықтимал. Себебі, Лионель Месси "Интер Майамимен" келісімшарты аяқталысымен отанына еркін агент ретінде баруды ең бірінші қарастырып көрген. Десе де, бұл әлі нақты шешім емес.

Бұған дейін Лионель Месси мен Луис Суарестің Уругвайдан кәсіби футбол клубын ашқанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ, тағы бір аңыз, Мессидің футболдағы бітіспес қарсыласы Криштиану Роналдудың Сауд Арабиялық клубтан кететіні туралы да ақпарат тараған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу