Министр орманды әуеден күзетуге қаржы жетпейтінін айтып, Үкімет басшысынан көмек сұрады

397

Бұл мақсатқа қосымша 11 млрд теңге қажет. 

Министр орманды әуеден күзетуге қаржы жетпейтінін айтып, Үкімет басшысынан көмек сұрады Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман қорының неғұрлым жанатын учаскелерін әуеден күзетуге қаржы жеткіліксіз екенін айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Орман өрттерiн анықтау мен жоюдың тиiмдi тәсiлдерінің бiрi – ормандарды авиациялық қорғау. Мемлекеттік орман қорының неғұрлым жанатын учаскелерін бақылау үшiн ұшу уақытының 10453 сағаттық нормасы белгіленді. Алайда республикалық бюджетте қарастырылған қаржы жеткіліксіз. Құрметті Олжас Абайұлы, осы маңызды мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз", - деді Ерлан Нысанбаев.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, бұл мақсатқа қосымша 11 млрд теңге қажет.

Айта кету керек, осыған дейін биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болатынын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу