Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды

4240

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп жатыр. Съезге бейнеконференция байланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды

389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді.

Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді.

Жалпы партияның жоғары өкілді органы 55%-ға жаңарды.

Әйелдердің үлесі 33,7%-ға дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13%-ға дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды.

Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты.

Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты. ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ға ұлғайды.

Айта кетсек, партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу