Нұрлан Қоянбаев отандық футбол клубына инвестиция салуы мүмкін

"Серый кардинал" Telegram-арнасының мәліметінше, оған өте маңызды міндет жүктеледі.

Нұрлан Қоянбаев отандық футбол клубына инвестиция салуы мүмкін Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Осылайша, танымал актер әрі продюсер "Тұран" футбол клубының амбассадоры болып ғана қоймай, команданың тең иелерінің біріне айналуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ақпаратты бірқатар қазақстандық спорттық және ақпараттық басылым таратып үлгерді. Десе де, әзірге Нұрлан Қоянбаевтың өзі де, "Тұран" клубының өкілдері де мәліметті ресми түрде растаған жоқ. 

Жаза кеткен жөн, "Тұран" футбол клубы биыл наурызда жекеменшікке өтті. Электронды сауда нәтижесінде команданы кәсіпкер Дінмұхамед Ыдырысовқа тиесілі Ordabasy Group құрылымы сатып алған. Мәміленің құны 1,1 млн теңге болған. Жаңа инвестор клубты дамытып, Премьер-лигаға қайтаруды, балалар мен жасөспірімдер футболын өркендетуді және инфрақұрылымды жаңғыртуды мақсат еткен. 

Негізінен, Нұрлан Қоянбаевтың футбол бизнесіне "қадам басуы" "Ордабасы" клубындағы тәжірибені еске түсіретіндей. Бұған дейін кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібеков шымкенттік командаға медиа және маркетинг бағытында атсалысуға ниет білдірген. Клуб президенті Дархан Қызайбай оның акциялардың бір бөлігін сатып алуға қызығушылық танытқанын да жасырмаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу