Нью Йорк Таймс әлем елдерінде екі өркешті бактриан және бір өркешті дромедар деп аталатын түйенің екі түрі болады, ал Қазақстан далаларында формасы таңғаларлық бір жарым өркешті түйелер жайылып жүретіндігіне таңданыс білдіруде. Мақалада Мәскеу этнографиялық қоғамының директоры және түйе бойынша танымал маман Юрий Габров Қазақстандық селекционерлерді өте жоғары бағалады.
"Будандастыру бойынша барлық үздік мамандар Қазақстанда. Олар алысқа озып кеткен",– дейді танымал маман.
Айтуларынша, еліміздегі түйелердің 80 пайызы гибрид екендігін зерттеулер көрсеткен. Қазақстандық ветеринарлар будандастырудың 32 түрін тіркеген, олардың 20-сы коммерциялық мақсатта өсіріледі. Өркештің орналасуы будандастыру дәрежесіне байланысты. Ең көп кездесетін гибридті жасау үшін екі өркешінің арасы ашық еркек бактрианды ұрғашы дромедармен жұптастырады. Гибрид саналатын қашырмен салыстырғанда, гибрид түйелердің барлығы дерлік стерильді, әрі бактриан мен дромедар жұптасуы ұрпақ беруге қабілетті. Гибридің бірінші буынында жалпақ бір ғана өркеші болады. Кейінгі ұрпақтарда әртүрлі формадағы бір жарым өркеш болады: бір өркеште екі кертік; анық білінетін екі кішкене өркеш; немесе бір үлкен және бір кішкене өркеш. Шағылыстырудан ешқашан үш өркешті түйе пайда болмайды.
Америкалық басылым Ойсылқара ұрпағы беретін өнімдерге, әсіресе шұбатқа ерекше тоқталды. Сондай-ақ, қазақтың түйе шаруашылығының тарихын, нар жайлы мағлұмат беріп, қазіргі кезде түйе өсіру табысы мол іс екеніне сенім білдірді.
Нұржан Көшкін