"Қазақстан-ОЭК": 10 жылда 46 млрд теңгеден астам сомада салық төлеген

6580

Отандық темір жол тасымалы үшін айтарлықтай іс атқарып, нарықта өзіне дейін қызмет еткен 10-нан астам компания жасамаған істі 11 жыл ішінде  тындырған  "Қазақстан- отын-энергетикалық кешені" жайлы не белеміз?  

"Қазақстан-ОЭК": 10 жылда 46 млрд теңгеден астам сомада салық төлеген Фото: «Қазақстан- ОЭК» сауда үйі» ЖШС мұрағаты

"Қазақстан- ОЭК" сауда үйі" ЖШС компаниялар тобы - Қазақстандағы отын базаларының ең ірі желісі. Мұнай өнімдері нарығында компания 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта еліміздің 80%-дан астам аумағын қамтитын теміржол станцияларында  компанияның 53 отын қоймасы бар. Онда  1 110  жұмысшы еңбек етуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кетейік, отын қоймалары "Қазақстан- ОЭК" компаниясына көшкен кездегі бұл нысандардың жағдайы бүгінде айтарлықтай өзгерген. Кезінде  күтім талап еткен қоймалар қазір  инфрақұрылымдық жағынан алдыңғы қатардағы нысандар қатарында. Компанияның мұндай жетістікке қалай қол жеткізгені туралы "Қазақстан- ОЭК" сауда үйі" ЖШС бас директоры Димаш Мұхаметханұлы Хасенов әңгімелейді.

- Димаш Мұхаметханұлы, алдымен "ОЭК- Қазақстан" сауда үйі" ЖШС жайлы және оның құрылымы туралы айтып берсеңіз.

- "Қазақстан" отын-энергетикалық кешені" сауда үйі" компаниялар тобы негізгі және екі еншілес ұйымнан тұрады: олар "ОЭК- Қазақстан" ЖШС және SILK Way Petroleum ЖШС. "ОЭК- Қазақстан" компаниясының балансында 53 отын қоймасы бар, оларда 234 мың текше метр дизель, 7,5 мың текше метр бензин, 16 мың текше метр май және басқа да майлар, 130 мың тонна көмір және өзге де сусымалы жүктер сақталады. "ОЭК- Қазақстан" отынды сақтап, Қазақстан темір жолы локомотивтерін ғана емес, еліміздің барлық басқа да локомотивтерді толтырады. Көмір мен дизельді сату функциясы Silk Way Petroleum-ге жүктелген.

Ұлттық компаниялар, мемлекеттік мекемелер, ірі мұнай трейдерлері, шағын және орта бизнес компаниялары "ОЭК- Қазақстан" клиенттері болып табылады.

- Компанияның басты ерекшеліктері қандай, ол Қазақстан нарығында өз орнын қалай тапты?

- Қазақстандағы отын индустриясының 100 жылдан астам  тарихы бар. Темір жол инфрақұрылымының дамуымен қатар өткен ғасырдың 1920 жылынан бастап 1970 жылдарға дейінгі аралықта мұнай базалары да салына бастады. 2001 жылы Қазақстандық отын қоймалары сол кездегі премьер-министр қол қойған бейінді емес активтерді сату туралы бұйрыққа сәйкес, ҚТЖ құрамынан шығарылып, нарықта сатылымға шыққан. Бұл қоймаларды 10-ға жуық жеке және заңды тұлғалар сатып алған болатын. Сол кезде қоймалардың да, жабдықтардың  да жайы көңілге қонарлықтай емес еді. Барлығы ескірген, өте нашар жағдайда болды, күрделі жөндеуді және ұзақ мерзімді инвестицияларды қажет етті.

"Еркін айналымға" шыққан алғашқы 11 жылда жұмыс сапасын бақылау мүмкін болмады, бірақ 2012 жылы біздің компания осы отын қоймаларының барлығын өз бақылауына алды. Нәтижесінде, қазір "Қазақстан-ОЭК" дизель отынын, бензинді, мазутты, пеш отынын, сусымалы жүктерді сақтау және тиеу бойынша қызметтер көрсететін Қазақстандағы отын базаларының заманауи желісін құрған компания.

- Кез келген компанияның өсуі мен өркендеуі үшін инвестиция салу керек қой, солай емес пе?! Компанияның нарықта өз орнын сақтап қалу үшін қандай іс атқарып жатырсыздар?

- Иә, жақсы нәтижеге жету үшін алдымен инвестиция салу керек – бұл бизнестегі бұлжымас заңдылық. 10 жыл ішінде, айталық 2012 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі аралықта "Қазақстан- отын-энергетикалық кешені" сауда үйі" компаниясы инфрақұрылымды жаңарту мен жақсартуға, жаңа отын қоймаларын салуға, резервуар паркін жаңартуға, өрт қауіпсіздігін, өнеркәсіптік және өзге де қауіпсіздік талаптарын сақтауға шамамен 54 миллиард теңге инвестиция құйды.

Одан кейін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң қолданысқа енген сәттен бастап компания заңнамаға сәйкес, операциялық қызмет процесін өзгертті, нақты режимде мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау-өлшеу аспаптары мен бақылау жүйесін жабдықтауға, электрондық тәуліктік тізімдемеге қол қоятын модульді әзірлеуге инвестиция салды.

Жанар-жағармай туралы айтқанда, бұл тек жылу ғана емес, мыңдаған тонна тасымалданған жүк, жолаушылар тасымалы, жұмыс орындары бар, яғни, тұтастай көлемді инфрақұрылым екеніне көбісі мән бермей жатады. Атап өтер жайт, компания жыл сайын қомақты сомада салық төлеп,  тұрақты түрде ел бюджетін толықтырып отыр. Мәселен, 10 жылда компания 46 млрд теңгеден астам сомада салық төлеген.

- Компанияның қызметкерлерін кәсіпорынның мақсатқа жету жолындағы басты активі деп бағалайсыз ба, әлде  осы мақсатқа жетудегі  басты құрал деп санайсыз ба?

- Әрине, кәсіпорынның қызметкерлері – "Қазақстан - ОЭК" компаниясының негізгі стратегиялық активтерінің бірі. Компания бүкіл Қазақстан бойынша 1110 маманды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Олардың барлығы 100% – отандық мамандар.

Қызметкерлердің басым бөлігі  компания  құрылғаннан бері жұмыс істеп келе жатқандар. Компанияның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына да септігін тигізіп отырған осы кәсіби қызметкерлер мен жоғары білікті мамандар. Айта кетейі, компанияда кадрлар тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың  ауысуы жоқтың қасы, мұның өзі көп нәрсені білдіреді деп ойлаймын.

Жыл сайын біз қызметкерлерді оқытуға 80-100 млн теңге бөлеміз. Бұл өндірістік персоналға талап етілетін нормативтер: өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, заңнама талаптары бойынша оқыту курстары. Одан бөлек, қызметкерлерге арналған тренингтер де бөлек сатып алынады.

Айта кетейін,  жыл сайын өндіріс қызметкерлердің жалақысын 5% -ға арттырып отырамыз. 2022 жылы жалақының өсуі орта есеппен 48%-ды,  ал 2023 жылы  8,4%-ды құрады. 2022 жылғы орташа жалақы 180 мың теңгені құрады.

- "Қазақстан- ОЭК" ЖШС әлеуметтік жобаларға қаншалықты атсалысады?

- "Қазақстан- ОЭК" компаниясы корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанады және осы бағытта жергілікті атқарушы органдармен, білім беру мекемелерімен және қайырымдылық қорларымен тығыз жұмыс істейміз. "Қамқор Green" ауқымды бағдарламасының қатысушысы қатарындамыз. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті - ағаш отырғызу және саябақтарды дамыту арқылы қоршаған ортаға кері әсерді азайту. Осы бағдарламаның аясында біздің компания Аягөз, Шалқар, Сексеуіл, Қазалы елдімекендерде, Атбасар және Қарағанды қалаларында, сондай-ақ Қызылорда облысының Арал ауданындағы, Жамбыл облысы  Шу ауданының және Ақтөбе мектептерінің маңына ағаш отырғызды.

"Қазақстан- ОЭК" ел азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсетуге де аса көңіл бөлетін компанияның бірі. Мәселен, пандемия кезінде компания  "Халық" жеке қайырымдылық қорының серіктесі қатарында болды. 100 535 000 теңге көлемінде медициналық жабдықтарды сатып алып, оларды жеткізуді және сервистік қызмет көрсетуді қаржыландырған болатын. Өкпені жасанды желдетуге арналған 17 аппарат, ПТР диагностикасына арналған екі толық ауқымды жылжымалы зертхана, соның ішінде реагенттер жинақтарын сатып алынды.

Біздің компания ел ауқымында да, шетелде де Қазақстанның көркем табиғаты мен мәдениеті туралы ақпаратты барынша  насихаттауды да қолға алған. Бұл бағытта компаниямыз  Qazaq Geography үкіметтік емес ұйымының серіктесі болып табылады.

Жалпы, "айналаңыздағы әлемге сүйіспеншілікпен қарасаңыз, әлем де сізге  солай қарайды" деген қағидаға бек сенемін! Сондықтан ел азаматтарының өмірін жақсарту жолында  өз мүмкіндігімізше, бар күшімізді салып қолдау танытуға тырысып жатырмыз.

Фотолар ЭК-Қазақстан" сауда үйі" ЖШС мұрағатынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу