Оқушы қыз шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Ол өткен жылы 9 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаз болған. 

Оқушы қыз шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Елордадағы №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Аланна Берікқызы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып отыр.

Қаршадай қыз өткен жылы Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында ұйымдастырылған әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанған еді.
Осылайша, астаналық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы болды. 

Айта кетейік, Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің жас шахматшылармен кездескені отандық БАҚ-та хабарланған болатын. 

Бұған дейін қаршадай қазақ қызының дойбыдан абсолютті әлем чемпионы атанғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу