Олар тірі деп үміттенеміз – Ермекбаев жарылыста бірнеше адам жоғалғанын мәлім етті

1944

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан бірнеше адаммен байланыс үзіліп кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Олар тірі деп үміттенеміз – Ермекбаев жарылыста бірнеше адам жоғалғанын мәлім етті

"Қазіргі уақытта бірнеше адаммен байланыс жоқ болып тұр (...) Біз олар тірі деп үміттенеміз", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы, Байзақ ауданында қуатты жарылыс болды.  Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды.

"Өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол уақытша тоқтатылды", - деп жазды Президент.  

Оның хабарлауынша, Жамбыл облысына Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрінің төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары ұшып шыққан. Жарылыс болған маңдағы ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып жатыр. 30-ға тарта облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің қызметкері мен әскери қызметкерлер жарақат алған

"Жарылыс салдарына 4 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың арасында азаматтық тұлғалар жоқ", - деді ол.

 Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу