Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан финалдық бөлімге қазақстандықтар Нариман Құрбанов пен Милад Карими өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Құрбанов тұтқалы ат үстіндегі жаттығулар бойынша алтын медальға таласады. Іріктеу раундтарының қорытындысы бойынша ол алтыншы орынға ие болып, 15000 ұпай жинады.
Карими көпсайыстан және еркін жаттығудан финалға өтті.
Гимнастардың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:
Нариман Курбанов:
тұтқалы ат жаттығуы – 15.000 ұпай, 6-орын (финалға өтті)
Милад Карими:
көпсайыс – 82.065 ұпай, 18-орын
керме жаттығуы – 12.700 ұпай, 50-орын
еркін жаттығу – 14.433 ұпай, 8-орын (финалға өтті)
шығыршық – 13.000 ұпай, 47-орын
қоссырық – 14.366 ұпай, 25-орын
қол тіреп секіру – 14.300 ұпай, 12-орын
тұтқалы ат жаттығуы – 13.266, 38-орын.