"Шығыны көп, дами алмай отыр": Олжас Бектенов Қазпоштаның қызметі туралы айтты

242

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бір айдың ішінде ұлттық поштаны дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырды.

"Шығыны көп, дами алмай отыр": Олжас Бектенов Қазпоштаның қызметі туралы айтты Фото: Үкімет

Үкімет отырысында "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электрондық коммерцияның қарқынды өсуі Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер терезесін ашатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық оператор – "Қазпоштаның" қазіргі әлеуетін күшейтуіміз керек. Бүгінде ел ішінде "Қазпоштаның" қызмет ауқымы кең. Филиалдары да жеткілікті. Соған сәйкес, компанияның шығындары да көп болғандықтан, белсенді дами алмай отыр. Цифрлық даму, иннфовациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Сауда және интеграция министрлігімен ұлттық пошта операторын дамыту бойынша тиісті жоспарды бір ай мерзімде әзірлесін", – деген тапсырма жүктеді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу