"Ордабасы" мен "Тұран" жеңіске жетті

2328

Түркістан облысының намысын қорғайтын командалар Қазақстан кубогінің екінші турында жеңіске жетті.

"Ордабасы" мен "Тұран" жеңіске жетті

"Ордабасы" Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында "Ақсумен" кездесті. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 10-минутында Максим Федин пенальтиден өзінің дебюттік голын соқты. Жеті минуттан кейін Карам Сұлтанов Эльхан Астановтың асырған пасынан кейін есепті еселеді. Ал 37-минутта "Ақсудың" жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев қауіпті ойнағаны үшін тікелей қызял қағаз алды.

"Ордабасы" – "Ақсу" – 2:0

"Ордабасы": Бекхан Шайзада (қ) (к) – Әділхан Добай, Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажитов, Акмаль Бахтияров – Александр Батищев, Виктор Брага – Эльхан Астанов (Шохбоз Умаров 66), Максим Федин (Батырхан Тәжібай 67), Всеволод Садовский;

"Ақсу": Марсель Исламкулов (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев (к), Артем Попов, Ұлар Жақсыбаев, Қайрат Жырғалбек уулу – Михаил Бакаев (Жасұлан Қайыркенов 54), Анатолий Красотин, Асланбек Кәкімов, Ислам Жилов (Дамир Марат 55) – Арман Смаилов (Мирас Тұрлыбек 69), Еркебұлан Тұңғышбаев;

Ал негізі ойын күнінің алғашқы матчы Орал қаласында өтті. "Ақжайық" маңыстаулық "Каспийді" қабылдады. Матч "Ақжайық" стадионында өтіп, 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Кездесудің 39-минутында Павел Кириенко Аслан Әділдің пасынан кейін "Каспийді" алға шығарды. 49-минутта таразы басын теңестірген Тома Табатадзе 58-минутта дубль авторы атанды. Ал екі минуттан кейін Илья Коваленко ойынның нүктесін қойды.

"Ақжайық" – "Каспий" – 3:1

"Ақжайық": Степан Сикач (қ) – Бауыржан Омаров (к), Мирам Сапанов, Виталий Приндета, Павел Назаренко – Рафаэль Сабино, Максим Каленчук, Ардақ Сәулет (Александр Вульфов 67), Завен Бадоян – Лука Имнадзе, Оралхан Өміртаев;

"Каспий": Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский (Виктор Дмитренко 68), Әлішер Сүлей – Думан Нәрзілдаев, Шафик Тигруджа (Максим Ваганов 54), Рати Ардазишвили (Никола Цуцкич 55) – Павел Киреенко, Руан Телеш, Аслан Әділ;

Ал соңғы ойын "Түркістан Аренада" өтті. "Тұран" бірінші лигада өнер көрсететін "Жетісумен" кездесті. Алаң иелері алғашқы минуттардан ширақ қимылдап, гол салды. Самир Фазли есеп ашқанымен қоймай, оны одан әрі еселеп тастады. Екінші таймда Македония елінен келген легионер хет-трик авторы атанды. Есеп 3:0, Қуаныш Қабдоллов баптайтын "Тұранның" жеңісі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу