Орман шаруашылығын оңалту қажет

13717

ШҚО-ның орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің тоқырау салдарынан мемлекеттік қазына жыл сайын 40 млрд. теңге жоғалтады. 

Орман шаруашылығын оңалту қажет

Заңның қаталдануы, ішкі нарықтағы өткізудің аздығынан орман материалдарын экспортқа шығаруға тыйым салынуы, ағашты өңдеу бойынша кәсіпорынның жетіспеушілігі Шығыс Қазақстандағы орман өнеркәсібін тығырыққа тіреді. Қатал тыйым салулардың арқасында сала инвестициялық тартымдылығын жоғалтып, жыл сайын орманды дайындау көлемі азаюда. 

Бизнесмендердің жаңа технология мен техниканы сатып алуға қаражатттары жоқ, жұмыс орындарының саны  күн санап төмендеуде. Бұл туралы  22 шілдеде ШҚО Кәсіпкерлер палатасында мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Павл Казанцевпен өткен кездесуде қоғамшылдар, орман өнеркәсібі және өңдеу кәсіпорынының өкілдері, жергілікті атқарушы  өкілдері айтқан болатын. Орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі қауымдастығының президенті Владимир Резановтың ақпараты бойынша барлық ормандардың шамамен 57%-ы жергілікті атқарушы органдардың ( ШҚО әкімдігі және облыстық  табиғат ресурстары және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының) қарауында. Бұл ормандар өнеркәсіптік қолдануға арналған. Өңірдің орман қорының 43%-ы- бұл ұлттық саябақтар, қорлар, Республикалық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен бақыланатын резерваттар. Оларда өнеркәсіптік кесулерге тыйым салынған.

Қазір ШҚО әкімдігінің мекемесіндегі ормандарда қорды 49 жылға жалға алған 16 ұзақ мерзімді-кәсіпорын, сонымен қатар 4 мыңнан астам табиғат ресурстары және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының бөлімшесі-орман шаруашылығы коммуналдық мекемесінен ағашты өңдеу және  сатып алумен айналысатын 4 мың орманды тұтынушы-кәсіпкерлер  ағаштарды дайындайды.

Табиғат ресурстары және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының бастығы Мұрат Құсаинов атап көрсеткендей, Шығыс Қазақстан облысында орман қорының 14%-ы және республиканың барлық ағаш қорының 44%-ы шоғырланған. Жыл сайын 1 миллион куб.метрден артығы кесуге рұқсат етілген, алайда барлық рұқсат етілген кесудің түрлерінің тек бесінші бөлігі игеріледі. Бұл-барлық ағаштың 220 куб. метрінен артық емес. 2015 жылы ағашты дайындаудың жалпы көлемі  2014 жылмен салыстырғанда 20%-ға төмендеп, 150 мың куб. метрді құраған.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында дайындалған ағаштың көлемі кесуге рұқсат етілгеннен  шамамен 28%-ды құрады. Ал қалған орман есікіріп жатыр, фитоауырулармен ауырып, шіруде. Кәсіпкерлер кесуге рұқсат етілген орман қорларын екі себепке байланысты игере алмайды. Егер жапырақты екпе өсімдіктер жайында айтатын болсақ, онда мұндай дайындаулардың шамамен 50-70%-ы төмен сортты ағаштар. Оларды тек терең өңдеуге ғана пайдалануға болады. Себебі, бұл кесу, Резанов мырзаның пікірінше, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде ақталмай қалған,

"Біршама уақыттан кейін Комитет ойланып, кесу жасын жапырақты тұқым үшін төмендетті, бірақ бұл кезде орман тұқыммен шіріп кеткен еді,- деді Резанов мырза. – Мұндай ағаш отынға немесе терең өңдеудің жекелеген түрлеріне жарайды. Алайда, негізінен, піскен орманды емес,  шіріген орманды ғана кесу керек. Бірақ, өңірде ағашөңдеу кәсіпорыны екеу ғана. Олар Зыряновскідегі "Фаворит" ЖШС және Өскемендегі "Мелисса" ЖШС, ал олардың қуаты өте шектеулі"

Бизнесмендердің айтуынша, өздерінің жұмыстарын жоспарлай алмаудың тағы бір себебі, бұл орман шаруашылығының және жануарлар әлемі комитетінің әрекетінен болып отыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, жыл сайын, ұзақ мерзімді жалдау шарттарын бұзу арқылы олар қылқан жапырақты тұқымды кесуге қорларды бөлу көлемін  төмендетеді  және кешіктіреді, ал бұл ағаш басқа жапырақты тұқымдардан қымбатырақ тұрады және орман шаруашылықтары үшін орманшылық жалға беруге ағаш кесу қорын орналастырады. Жалға берілген орман шаруашылығындағы қылқан жапырақты тұқымды кесу арқылы орман шаруашылықтары кәсіпорынның даму базасын жояды.

Владимир Резанов комитеттің орман өнеркәсібімен айналысатындарға осындай қарым-қатынасы "жемқорлық элементтерінің" бар екендігін көрсетеді дейді.

"Қазір орман шаруашылықтары кәсіпкерлерге келесі жылға кесу үшін орманды бөлуде,-дейді ол.- Ал күзде көлемді бекітетін кезде комитет шенеуніктері себебін түсіндірместен ұсынылған көлемдерді азайтады"

Орман шаруашылығының тоқырауы барысында мұндай жағдайды онымен бірлескен сала - орман шаруашылығы да бастан кешеді. Орман шаруашылығы жұмыскерлерінің айлық жалақысы 35 мың теңгеден аспайды және штатта жұмыс істейтін жұмыскерлер саны- 1240 адам, бұл нормативтің 63%-ын құрайды. Орман шаруашылықтары нормативтен 47%-ы техникамен қамтылған.  Олардың әрбір үшіншісі моралдық тұрғысынан және басқа жағынан алғанда ескірген.

"Шығыс Қазақстан облысында атам заманнан бері орманды кесу дәстүрлі түрде жүргізіледі,- деп қосты Владимир Резанов. – Кеңес одағы кезінде бұл жерде рұқсат ету көлемі 1 млн. куб. метр болғанда  жыл сайын ағаштың шамамен миллион куб. метрі дайындалатын. Орман шаруашылығының ішкі өңірлік өнімдегі үлесі  4,7%-ды құрады, ал қазір 0,2%-дан үлкен емес. Бұл салада 10 мыңнан артық адам жұмыс істеген, ал қазір 800-ден аспайтын адам жұмыс істейді. Біздің есептеуіміз бойынша,  орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі бұдан ертеректе бюджетке жыл сайын 47 миллиард теңге әкелетін, ал қазіргі түсімдер 2-4 миллиардтан аспайды. Сонымен қоса, біз жоғары білікті мамандарды жоғалтудамыз, ал Қазақстанның оқу орындары орман өнеркәсібі үшін жаңа кадрларды мүлдем дайындамайды".

Ол сонымен қатар жарты жыл бұрын ШҚО орман шаруашылығы әлеуетін "Қазақстанның өңірлік бәсекегеқабілеттілігін арттыру" жобасы барысында Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымының жұмыс тобы зерттегенін айтып кетті.

"ЭЫДҰ мамандары есептерінде ШҚО орман кешенін дамытудың үлкен әлеуетіне ие екендігін жазған, ол облыстың өңірлік  ішкі өнімін арттыру үшін маңызды болуы мүмкін. Бірақ ол үшін қолданыстағы ҚР Орман кодексіне өзгерістер енгізу керек, негізінен, салалық саясатты қалыптастырып, шаруашылықтандырудың коммерциялық принциптерін енгізіп, жеке орман иелігі құқығы түсініктемесін анықтау қажет"

Сонымен бірге, мамандар орман өнеркәсібіндегі заңнамалық базаны оңтайландыруға қатысты шаралар бойынша өз ұсыныстарын берген. Алайда, ештеңе істелмеген. Комитет шенеуніктері ЭЫДҰ-ның ұсынысын қабылдамай тастады. ШҚО әкімдігі аталған саланы дамытуға қызығушылық танытып отыр, Олар инвесторларды іздестіруде, бірақ та ешқандай инвестор қолданыстағы заң өзгермейінше орман өнеркәсібіне және өңдеуге қаражат салмайды.  Саланың толықтай жойылуы жүруде және кәсіпкерлердің жақсы өзгерістерге деген сенімдері де жоғалған",- дейді Резанов мырза.

Қоғамшылдар және кәсіпкерлер көршілес Ресейден үлгі алуды ұсынады, ол жақта   орман ресурстарын пайдалануда кәсіпкерлер үшін түбірлі төлемнің сомасы қабылдауға лайықты, орман жүктерін темір жол арқылы  тасымалдау үшін жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, ол жақта мемлекет орман жолдары құрылысына, орман кенттерін дамытуға қаражат бөледі.

"Қазақстанда ешқандай жеңілдіктер жоқ, барлығын өзіміз саламыз. Ал жақында ғылым саласының кейбір өкілдері түбірлі төлемді бір куб. метр үшін  мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды, ал бұл дегеніңіз орман өнеркәсібінің дамуына бірден тыйым салады,- деп атап көрсетті  тұтынушы-жеке  кәсіпкер Андрей Цыкунов. – Біздер үшін қазіргі  бір куб. метр үшін 2,5 мың теңгені орман шаруашылығы төлемдерімен  түбірлі төлемді көтеру қиын соғып тұр. Нарықтағы орманның орташа бағасы бір куб. метр үшін 13 мың теңгеден бастап 14 мың теңгеге дейін, ал пилотматериалдар 22 мың теңге. Өткізу нарықтары өте шектеулі, орман өнімдерін Қазақстаннан тысқары жерлерге шығаруға тыйым салынған. Орманды жетуі қиын жерлерде дайындамаймыз, соған сәйкес оның өзіндік құны да жоғары, ал ол болса қурап қалған". 

Риддер қаласындағы "Пихтовое" ЖШС-нің ұзақ мерзімді кәсіпкері Анна Дерегина "Белоруссияда орман дайындаушылары техниканы лизингкке нолдік пайыздық мөлшерлеме бойынша алатынын, ал оларға ағашты өңдеу бойынша құралдарды сатып алуға несиені ең төменгі пайызбен беретіндігін айтты. Қазақстанда орман лизингі мүлдем жоқ, несиелерді көтеру өте қиын. Жабдықты ҚХР немесе РФ әкелу үшін оның бағасынан бюджетке 12% ҚҚС төлеу керек. Ал бізде мұндайды сатып ала алмайсың. Біздің жұмыс істеп жатқан техникамызға 20-30 жыл болған. Біз Ресейге қосалқы бөлшектерді сатып алуға барғанда, ол жақтағылар бізге күледі. Өйткені, ондай техникалар ешқай жерде жоқ".

"Осы бастан анықтап алған жөн. Егер біздің ормандарымыз тұрақсыз болса, онда оларды кесуге болмайды, онда барлық өндірістік кесулерге тыйым салу керек. Ал егер біз оларды кесетін болсақ, онда кәсіпкерлер үшін жағдай жасау керек",- деді кәсіпкер Алексей Бобошко.

Кәсіпкерлер ШҚО ағаштарынан құрылыс материалдарын, ағаш тақтайшалар, целлюлоза асауға болады. Бірақ, бұл үшін үкіметтің рұқсаты керек. Әйтпесе, ормандар шіріп, бизнесмендердің өз істерін тежеуге тура келеді

Ольга Ушакова, ШҚО

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу