Өзбекстан жерінде семсерлесуден әлем чемпионаты өтеді

Жарыс 20-28 шілде аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланған.  

Өзбекстан жерінде семсерлесуден әлем чемпионаты өтеді Фото: kun.uz

Бұл туралы Халықаралық семсерлесу федерациясының кезекті Конгрессінде белгілі болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Olympic.uz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, 2027 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионатының жалауы ел астанасы Ташкентте желбірейді. 

Кеше ғана Халықаралық семсерлесу федерациясының кезекті Конгресі Ташкентте сәтті өткен. Онда Алишер Усмонов осы ұйымның басшысы болып тағы да сайланған.

Сондай-ақ, Өзбекстан семсерлесу федерациясының бас хатшысы Гүлнара Саидова Халықаралық семсерлесу федерациясының Атқару комитетінің мүшесі атанып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу