Пандемия кезінде жұмыссыздардың 6% депрессияға түсті – Олжас Ордабаев

1868

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті өткізген онлайн жиында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесіп жүргізген сауалнамасының қорытындысы жарияланды. 

Пандемия кезінде жұмыссыздардың 6% депрессияға түсті – Олжас Ордабаев

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев еңбек нарығындағы түйткілдерді тілге тиек етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2020 жылы пандемия бизнес жүргізудің жоспары мен шартын түбегейлі өзгертті. Статистика жұмыссыздар саны өскенін көрсетті. Мысалы 2019 жылы 8,78 млн адам жұмыс істеді. 2020 жылы көрсеткіш 0,6%-ға төмендеп, 8,73 млн адамның ғана табыс тауып отырғанын айғақтады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында "тиімді" және "тиімсіз" қамтушы деген ұғым пайда болды. Жылдық көрсеткіште өзін-өзі жұмыспен тиімді қамтитындар 3,4%- ға, тиімсіз қамтитындар 5,8%-ға өсті", – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, еңбек нарығына қарапайым жұмысшылар қажет. Ал жұмыссыз жүргендердің басым бөлігі лауазым иесі, яғни бастық болғысы келеді. 

"Бұған пандемия кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жұмыс істеген жылжымалы жұмыспен қамту орталықтарының дерегі дәлел", – деді Олжас Ордабаев.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, пандемия кезінде жұмыссыздардың шамамен 6% -ы депрессияға түсті. 

"Сауалнаманы сараптау барысында Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тұрғындары шарасыз күй кешкенін анықтадық. Олардың арасында өмірден баз кешуге шақ қалған жандар да болды. Респонденттердің басым бөлігі іжұмыс, өмір сүруга ақша таба алмай жүргендерін жеткізді. Атап көрсетерлігі, сауалнамаға қатысқандардың 56-ы қара жұмыс істегісі келмейтінін, басшы болуды қалайтындарын айтты. Сұралғандардың 14%-ы ауыр жұмыстан қашпайтындарын және қорықпайтындарын баяндады, – деді Олжас Ордабаев. 

Басқарма төрағасы орынбасарының мәлімдеуінше, кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама білікті кадрларға деген қажеттілік жоғары екенін 
көрсетті. 

"Бүгінгі таңда еңбек нарығында қандай да бір еңбек дағдысы қалыптасқан адамдарға деген сұраныс жоғары. Еңбек нарығына 79% жұмысшы қажет. Ал жастар қарапайым жұмысшы болғысы келмейді. Салдарынан еңбек нарығында теңгерімсіздік пайда болады", – деді Олжас Ордабаев. 

Пандемия кезеңінде жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында бос жүрген адамдардың қатарына қосылды. 

"Түлектердің пандемияға дейінгі кезеңде жұмыпен қамтылу көрсеткіші 74%-ды, пандемия кезінде 71% -ды құрады. Түлектер оқу бітіргеннен кейін 12 айе жұмыс таба алмай қиналған. Мұндай жағдаймен шамамен 20 мың түлек бетпе-бет келген, – деді ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу