"Пәтер арзандайды" дегенге күмәнмен қараймын – Серік Жұманғарин

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің сөзінше, Қазақстанда тұрғын үйдің қымбаттауына ешқандай негіз жоқ.

"Пәтер арзандайды" дегенге күмәнмен қараймын – Серік Жұманғарин Фото: krisha.kz

Бұл туралы ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғариннен журналистер "Жақында елде автокөлік пен пәтер арзандайды" деген пікір қаншалықты рас?" деп сұраған.

– Қазіргі уақытта арзандайды дегенге күмәнмен қараймын. Егер қымбаттамаса, соған да рақмет! Атап айтқанда, қазір үйлердің қымбаттауына ешқандай алғышарттар жоқ, – деді ол.

Бұған дейін "Биыл қазақстандықтар жазды көңілсіз қарсы алғалы тұр" деген тақырыпта мақала жарияладық. Мұнан өзге, шілдеден бастап "рассрочкамен" өмір сүретіндерге қиын тиетінін де хабарлаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу