Павлодар мұнай-химия зауыты оңтайлы сәтті күтуде

4619

Павлодар мұнай-химия зауытын (ПМХЗ) жекешелендіру мәселесі шешілді. Енді тек механизмін әзірлеу ғана қалды.

Павлодар мұнай-химия зауыты оңтайлы сәтті күтуде

Үкімет бекіткен кешенді жоспарға сәйкес, Павлодардың 26 кәсіпорны 2020 жылға дейін жекенің қолына тапсырылуға тиіс. Оның ішінде "ПМХЗ" ЖШС, "Каустик" АҚ, Екібастұз МАЭС және басқалары бар.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қалай жекешелендірілетінің өзі үлкен мәселе. Холдингілік компания, АМӨЗ, ПМХЗ және өзгелерін бөлек алып сату керек пе  әлде өндіру, өңдеу және тасымалдау қызметтері бар өрлей біріктірілген компания ретінде сату керек пе дегендей. Біз бұл мәселені премьер-министрмен бірнеше рет талқыладық. Екі жолын да есептеу керек деген шешім қабылданды. Егер "ҚазМұнайГазды" компания ретінде бөлек, ал зауыттарды бөлек сату көбірек ақша, тіпті, ақша да емес, экономикалық дивидент әкелетінін көрсек, онда сәйкес шешім қабылданады. Ал егер "ҚазМұнайГазды" бөлшектерге бөлмей, тұтасымен сату тиімдірек екенін көрсек, сол нұсқаны таңдаймыз. Әзірге есептеу басталған жоқ. Мәселе әлі егжей-тегжейлі талқыланбағандықтан, жұмыскерлерге қатты уайымдаудың қажеті жоқ", – деді ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Павлодарға жасаған сапарында.

Болашақ инвесторға қойылатын негізгі талаптар – кәсіпорынның бағдарын, өндіріс көлемін және жұмыс орындарының санын сақтау екенін атап өтті шенеунік.

"Одан бөлек, жекешелендіру бағытындағы жұмысты бастау үшін алдымен жаңғырту үдерісін аяқтау қажет: нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде инвестормен жұмыс істеу қиындау. Біздің білуімізше, ПМХЗ-да жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы 2017 жылдың орта шенінде аяқталуға тиіс. Демек жақын болашақта шикі мұнайды өңдеу мөлшері шамамен миллион теңгеге артады, ал бұл отандық бензин және өзге мұнай өнімдері нарығына қосымша ұсыныс әкеледі деген сөз", – деп мәлімдеді министр.

"Жағдай осылай болып қалды"

"ПМХЗ" ЖШС-да жаңғырту бойынша жұмыс жалғасын тауып келеді, оны 2017 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Айта кету керек, жұмысты аяқтау мерзімі бірнеше рет кейінге шегеріле берді, десе де, басталуы да сөйткен. Алғаш рет жаңғырту туралы 2009 жылы айтыла бастады: ҚР үкіметінің қаулысы, "Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту" жобасы шықты, ол елдің инвестициялық стратегиялық жобалары тізіміне енгізілді. Салынатын инвестиция көлемі де қысқара берді. Егер бастапқы кезеңде 1 млрд доллардан астам сома туралы сөз болса, бүгінгі күні ол 696 млн долларды құрайды.

"Кәсіпорынның биылғы жылы аяқталуға тиіс жаңғыртылуын Қазан төңкерісімен және Куликов шайқасымен салыстыруға болады", – деді "ПМХЗ" ЖШС бас директоры Шухрат Данбай. Мұндай жанкешті әрекет қаншалықты қажет, мүмкін қалыпты жұмыс кестесін сақтап, жұмысты келесі жылы аяқтаған дұрыс болар ма еді деген abctv.kz-тің сұрағына Шухрат Данбай былай деді: "Амал не, осылай болып қалды. Аталған процесс созылып кеткенін өзіміз де түсінеміз. Бүгінгі күні жүз пайыз Евро-5-ке көшкен Ресейден қалыс қалып барамыз. Нарық осыны күтіп отыр. Қажетті құрал-жабдық 90%-ға әкелінді. Жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз".

Жаңғырту аяқталғаннан кейін іске асыру жоспарланып отырған жекешелендіруге қатысты бас директор бұл оның жауапкершілік деңгейіне жатпайды деп жауап берді.

"Екінші жағынан, мұндай жағдай біздің басымыздан бірнеше рет өтті. Бұл үдерісте ескеретін басты мәселе бар, мұнайсыз зауыт – консервіленген банкі сияқты. Егер кәсіпорынды жекешелендіруді жоспарлап отырған инвесторда тұрақты мұнаймен қамтамасыз ететін көздер болса, онда жақсы", – деді Шухрат Данбай.

Ескі сүрлеу

Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында Павлодар мұнай зауыты бір қолдан екінші қолға көшіп жүрді. Кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін басқарғандардың қатарында америкалық CCL Oil Ltd компаниясы да болған. Зауытты ресейлік мұнаймен қамтамасыз ету үшін компанияның өкілі мұнай жеткізу үшін "Сургутнефтегаз" компаниясымен келісімшартқа қол қойған болатын. Десе де, бұл жылдары мұнайдың жетіспеушілігінен зауыт бірнеше рет есеңгіреп қалған. Кейінірек компания акцияларының мемлекеттік пакетін "Қазақойлға" тапсыруды заңсыз деп тану үшін үкіметке шағым жазды. Ал 2009 жылы Павлодар МХЗ үлесі ресейлік компанияларға сатылады деген ақпарат жария болды. Ол кезде мемлекет "ҚазМұнайГаздың" атымен зауытқа стратегиялық серіктес іздеумен болды. Зауытқа тұрақты түрде мұнай жеткізуге кепілдік алу үшін компания МХЗ үлесін бермекші болды. Бір жыл бұрын ПМХЗ-ға "Газпромнефть" көз салған еді. Десе де, ресейлік мұнайға арналып салынған зауытқа "Роснефть" те, "Сургутнефтегаз" да қызығушылық танытты. Ол кезде ресейлік компаниялар кәсіпорынның 49%-дан кем емес акциялар пакетін алуы көздеді, ақшалай есептесек бұл 500 млн долларды құрауы мүмкін еді.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу