Осылайша, K тобында сынға түсіп жатқан Португалияның алғашқы кездесуінің нәтижесі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесудің алғашқы минутынан Португалия құрамасы белсенділік танытқандай болды. Яғни, Жоау Невеш ойынның небәрі 6-минутында гол соғып, көзге түсті.
Одан соң конголық футболшылар есепті теңестіруге тырысып бақты. Олар бұл ойына 45-минутта жете алды. Йоан Висса биылғы мундиалдағы Конгоның алғашқы голын соғып, командасын жеңіліс құрсауынан алып шықты.
Осылайша, қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты.
Дәл осы топта Өзбекстан футболшылары Колумбиядан 3:1 есебімен жеңіліп қалған еді.
Бұған дейін Харри Кейннің дублі Англияның жеңісіне үлес қосқанын да жаздық.