Qazaq Oil: Екі жылда 207 жанар-жағармай бекеті жаңартылған

2882

Qazaq Oil ескі жанар-жағармай құю стансаларын жаңарту бойынша кешенді жұмысты қолға алған. Жанар-жағармай стансаларын тек жаңартып қана қоймай, олардың халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне аса ден қойылған.  

Qazaq Oil: Екі жылда 207 жанар-жағармай бекеті жаңартылған Фото: gov.kz

Бұл жұмыстың көрсеткіштері ауыз толтырып айтарлықтай. Айталық, 2020 жылдан бастап 2022 жыл аралығында 207 жанар-жағармай құю орындары жаңартылған. Бұл кешенді жұмысқа  қарастырылған қаражат көлемі 40 млрд теңгеден астам. 

Одан бөлек, 2020 жылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жол магистралінің бойында заманауи талапқа сай жаңа 6 жанар-жағармай құю орыны ашылып, жұмыс жасауда. 
Бұл көлемді жұмысты іске асыруда компания  DODO Qazaq Oil атты шағын бизнеспен бірлескен.  Осылайша кәсіпкерлерді Qazaq Oil стандарттарына сай жанар-жағармай құю бекеттерін жаңарту ісіне жұмылдырғанын айта кеткен, жөн. Қазір жаңартылған 16 жанар-жағармай станса жұмыс істеп тұр, ал 2023 жылы тағы да 17 станса іске қосылмақ. 

Сондай-ақ отынның зауыттан шығып  барлық жанар-жағармай бекеттеріне дейін  үзіліссіз жеткізілуін қамтамасыз ететін және оны қадағалайтын жағдаяттық орталық пен бірыңғай ақпараттық ресурс іске қосылған. 

Кез келген компанияның ең маңызды активі ол – компанияның қызметкерлері. 

Бұл ретте, Qazaq Oil өз қызметкерлерін ынталандыру жүйесін қайта қарап, KPI жүйесін енгізген. Қызметкерлерді ынталандыру жүйесіне сәйкес, еңбекақы көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан. Ал жанар-жағармай стансаларында қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында басқа да тауарларды, мәселен кофе, хот-дог және басқа да тіске басар тағамдарды  клиентке ұсыну үшін штаттағы қызметкерлер санын 32%-ға арттырып, қосымша 1000-ға жуық жаңа жұмыс орны  ашылған. 

Сондай-ақ Qazaq Oil отандық спортты қолдаушы компания ретінде балаларға арналған  спорттық турнирлерді ұйымдасытыруға  белсенді атсалысып отырған компания.  

Qazaq Oil бекетінде клиент көліктен шықпай-ақ, өзінің ұялы телефоны арқылы жанар-жағармай құя алатын қызмет түрін де іске қосқан. Одан бөлек, жасанды интеллектті қолдана отырып, жаңа қызмет түрлерінің жүйесін әзірлеуді қолға алуда. Бұл жүйе  арқылы клиенттерге олардың талғамын ескере отырып, тауарлар ұсыну көзделмек.

Осы жұмыстардың нәтижесінде өндірістік көрсеткіштер артқан. Айталық, мұнай өнімдерінің сатылымы 50%-ға артса, жанар-жағармай бекеттеріндегі дүкендерде тауар сатылымы 10 есе өскен. Мұның барлығы компанияның ел экономикасына қосқан  үлесінің бір бөлігі. Өткен жылы компанияның жалпы төлеген салық көлемі – 14,4 млрд теңгені құраған, ал 2019-2022 жыл аралығында бұл көрсеткіш – 34,6 млрд теңге. 

Атап өтетін жайт, Qazaq Oil компаниясы барлық табысты жанар-жағармай желілерін жаңартуға инвестиция ретінде құйып отыр. Бұл ретте компания нарықта қызмет ете бастаған сәттен бергі аралықта Qazaq Oil акционерлеріне бірде-бір дивиденд төленбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу