Оның сөзінше, стадионда өткен Backstreet Boys тобының концертінен соң агрономдар оны қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Газон тым нашар деп айтуға келмейді. Стадион агрономдары қысқа мерзім ішінде қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Тіпті, жазғы маусымда "Селтикпен" және "Слованмен" өткен кездесулермен салыстырғанда, алаң айтарлықтай жақсарған. Жергілікті мамандардың айтуынша, "Реалмен" болатын ойынға дейін газон одан да жақсы күйге жетеді, – деді Уразбахтин.
Бас бапкер одан өзге "Реал" футболшылары үшін Алматыдағы алаң ешқандай қиындық тудырмайтынын алға тартты.
– "Реалдың" ойыншылары – жоғары деңгейлі футболшылар. Сондықтан олардың Алматыдағы Орталық стадионның газонында ойнауы ешқандай мәселе тудырмайды деп ойлаймын, – деді ол.
Кеше "Қайраттың" бас бапкері Анарбеков пен Заруцкийдің денсаулығы туралы айтқан еді.