Райымбек Баталов ШОБ-ты дамытуға қатысты пікір білдірді

4726

Оның пікірінше, салаға оң серпін беру үшін жаңа көзқарас керек.

Райымбек Баталов ШОБ-ты дамытуға қатысты пікір білдірді

Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту үшін әкімдіктермен тығыз жұмыс істейміз. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту тұжырымдамасына қатысты өз ойын айтты.

"Менің ойымша, 100% уақыт пен ресуртардың 50%-ын шағын және орта бизнесті дамытуға, ал қалған 40%-ын салалық мәселелерге, 10%-ын макро бизнеске жұмсаймыз... Мен шағын және орта бизнес мәселелерін терең түсінемін. Микро, шағын және орта бизнесті дамыту үшін көзқарасты өзгерту керек деп ойлаймын. Әсіресе, фокус жергілікті атқарушы органдарға яғни әкімдіктерге түсуі керек. Ашығын айтсақ, микро және шағын бизнестің барлық мәселесі аудан, қала мен облыстың деңгейінде шешіледі. Мұнда біз шағын және орта бизнесті қолдау тәсілін өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еңбек етеміз", – деді төралқа төрағасы Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында.

Райымбек Баталов елдегі ШОБ-ты дамыту тұжырымдамасы әлі нақты емес екенін атап өтті.

"Бұл концепция бойынша тағы жұмыс істейміз. Бүгінде салалық қауымдастықтардың тәжірибесін ескеріп, бұл мәселеге қатысты пікірін біліп жатырмыз.  Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту тәжірибесі жаман емес. Бұл өзгерісті енгіземін деп ойлаймыз", – деді басшы.

"Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы 2022 жылғы арналған Үкіметтің бағдарламасында ШОБ-қа қатысты мәселелер барын да жеткізді.

"Осы бағдарлама аясында белсенді жұмыс істейміз. Негізгі басымдық шағын және орта бизнеске беріледі. Нәтижесінде, біз шағын және микро бизнестің еңбек еткенін, пайда тапқанын қалаймыз", – деп түйіндеді сөзін Райымбек Баталов.

Айта кетейік, өткен аптада "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде төралқа төрағасы қызметіне Райымбек Баталов сайланған еді

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу