Райымбек Баталов: ШЫҰ Іскерлер кеңесі шекара маңы саудасына баса назар аударады

Аскар Муминов Аскар Муминов
11415

Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық ету кезінде "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА ұсынатын барлық мүмкіндіктерді көрсетеді.

Райымбек Баталов: ШЫҰ  Іскерлер кеңесі шекара маңы саудасына баса назар аударады

Ташкентте өтетін ШЫҰ саммиті алдында Алматы қаласында Қазақстанның ұйымдағы экономикалық келешегі талқыланды.

Еске сала кетсек, 23-24-маусым күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында әлемде алатын орны мен маңыздылығы артып келе жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының XVI саммиті өтеді. Санкт-Петербург қаласындағы өткен экономикалық форумда сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте өтетін саммиттің маңыздылығы ұйымға ШЫҰ ішінде жаңа экономикалық байланыстарды құруға ықпал ойыншылар болуы мүмкін жаңа мүше ел - Пәкістан мен  Үндістанды қабылдауымен артады  деп атап көрсеткен болатын.

Алматыда журналистермен кездесу барысында ШЫҰ-ның Іскерлер кеңесіне басшылық етуге сенім білдірілген белгілі бизнесмен Райымбек Баталов Ташкентте  ұйымға төрағалық ету алдағы жылы ШЫҰ-ның экономикалық тиімділігіне баса назар аударатын Қазақстанға берілетіндігін еске сала кетті.

Шекара маңындағы тепе-теңдікті іздеу
Райымбек Баталовтың айтуынша, ұйымға төрағалық ету кезінде Қазақстан үшін басым міндеттердің арасында транзитті тасымалдау, шекара маңындағы сауда, "жасыл технологиялар" және ауыл шарушылығын дамыту болады. Баталов мырза ШЫҰ құрамына Үндістан мен Пәкістанды қабылдаумен бұл ұйым халықаралық бірлестіктерге көлемі бойынша Еуразия территориясының 60%-ын жабатын теңдесі жоқ ұйым болатындығын, ұйым құрамына кірген елдердегі халық саны үш млрд, адамнан асатындығын атап кетті.

"Сондықтан, қазір ШЫҰ-да маңызды потенциал болып тұрған кезде оны шекара маңы саудасын дамыту үшін қолдану маңызды", - деп атап көрсетті "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының президенті Василий Ни. Ол Қазақстан ұйымға төрағалық ету кезінде ШЫҰ мүшелеріне "Қорғас- Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймақтың экономикалық қатынасты дамыту үшін ұсынатын барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысатындығын атап кетті.

Оның айтуынша,  өршіл жобаға деген жалпы инвестиция 586 млрд. теңгені құрайды, оның басым бөлігі, яғни  нақты 540 млрд. теңге бұл- жеке инвесторлардың ақшасы, ал тек 46 млрд. теңгені ғана мемлекет бөледі. Ни мырза қазір "Қорғас" ХШЫО жұмысы үшін заңнамиалық негіздер дайындалып жатқанын айтты. Қыркүйек айында тиісті заңнама Қазақстан парламентінің төменгі палатасында талқылау процесінен өтуі керек, егер ол қабылданатын болса, онда 2017 жылдан бастап шекара маңы ынтымақтастығы орталығының жұмысы заң жүзінде реттелген болады.

"Қорғас" экономикаға жаңа реңк береді
 Дәл қазіргі уақытта ХШЫО- да қажетті инфрақұрылымды  салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Төрт сауда үйі , қонақүйлер құрылысы салынуда, сонымен қатар, ең бастысы жылдың соңына дейін Алматыдан "Қорғасқа" дейінгі небәрі екі сағат қана жүретін жол салынып бітуі мүмкін.

Райымбек Баталовтың айтуынша, Қытайға экспорт шығаруға жұмыс істеп жатқан компаниялардың барлығы Алматы және Алматы облысына тиесілі. Бұл компаниялардың өндірістік қуаты осы жақында ғана 10-15% болса, ал қазір олар 100% жұмыспен жүктелген. Бизнесменнің айтуынша, қытай бағыты аса қарқынды дамуда және осыған орай бизнес жаңа нарықтардың ашылуын күтеді, ал одан кейін инвестицияның  келуі уақыт еншісіндегі нәрсе.

Райымбек Баталовтың айтуынша,  шекара маңы  аймағынан жемқорлық жанжалы көлеңкесін алып тастау үшін қазір  "Қорғас" ХШЫО-ға толық ребрендинг қажет.

Ол "Қорғас" қазақстандық және халықаралық ірі компаниялары  және  шағын және орта бизнес өкілдері үшін тиімді болтынына сенімділік білдірді. 

"Қазір осындай жобалар уақыты, дағдарыс кезінде ШОБ көршілес нарыққа шығудың жаңа жолдарын қарастырады, ал осы орайда "Қорғастың" әлеуеті зор. Сондықтан да , менің ойымша, біз бұл бағыттағы серпілісті жақын арада көреміз", - деді Райымбек Баталов. 

Василий Нидің айтуынша, "Қорғас- Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру тиімділігі өте қарқынды болуы мүмкін. Онда мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады, ал жалпы табыс 2020 жылы алдын- ала есептеулер бойынша 1,8 трлн теңгеге дейінгі соманы құрайтын болады.

Қытай нарығына шығу
Райымбек Баталов жақын арада ШЫҰ-ның Іскерлер кеңесі қазақстандық өнімдерді қытай нарығына шығару және Қазақстанның ШЫҰ экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға баса назар аударады, сонымен қатар, ішкі нарықты молықтыру бойынша міндеттерді қоса шешетінін атап кетті. Бизнесмен Қытай елі ҚР-дың азық-түлік өнімдеріне аса қызығушылық танытып отырғанын айтты және қазақстандық "сүтке" сұраныстың болатынына сендірді.

Сарапшылар қазір Қазақстан мен Қытай арасында жалпы сомасы 24 млрд. доллар болатын 52  жобаны іске асыру бойынша келісімге қол жеткізілгенін және ҚР-дан Қытайға экспортталатын өнімдер бойынша 20 тауарлы позиция анықталғанын атап кетті. Қазіргі уақытта "Қорғас" ХШЫО территориясында жалпы сомасы 300 млн доллар болатын алты жоба іске асырылуда.

Райымбек Баталов экспорттаушылардың белсенділігі теңгенің құнсыздануымен және қазақстандық бизнестің оңай емес жағдайды басынан кешудегі өміршеңдігімен байланысты екендігіне сенім білдірді. Егер бұрын бизнес өз ағынының ыңғайында болса, ал қазір кәсіпкерлер қолдауды күтіп отыруға болмайтынын жақсы түсінеді, бұл оларды шыңдайтынына Баталов мырза сенімді. Ол ШЫҰ шеңберінде Қазақстан үшін қытай, үндістан және иран сияқты нарықтардың ашылуы маңызды экономикалық серпіліс жасауға мүмкіндік беретінін атап кетті.

Сөз жүзінде бәрі жақсы, алайда кедергілер де баршылық

abctv.kz сайтына тақырып бойынша түсініктеме берген Орталық Азия елдері экономикалық зерттеу институты сарапшысы Әлішер Хамидов ШЫҰ ішінде шекара маңы саудасы келешегіне қатысты пікірі ұстамды екенін көрсетті. Оның айтуынша, ең  алдымен ұйымға Ташкенттегі кездесу барысында хабарланған, өзара қарым-қатынасында қайшылықтар бар екі ел- Пәкістан мен Үндістанның қосылуы туралы айтылғанды салмақтап, егжей-тегжей қорытып алу керек. Екіншіден, бір жағынан келешегі зор, бір жағынан проблемасы көп ойыншы Иранның да мүше болуы жақын екенін ескеру қажет. Үшіншіден, сарапшы атап кеткендей, ШЫҰ Іскерлер кеңесінің құрылғанына он жыл болған, осы уақыта аралығында үнемі шекара маңы ынтымақтастығын дамыту туралы айтылып келеді, алайда айтарлықтай ештеңе өзгерген жоқ.

"ШЫҰ шеңберінде қандай шекара маңындағы ынтымақтастық туралы сөз болуы мүмкін, егер оған кірген елдердің шекарада реттелмеген ондаған сұрағы болатын болса. Мысалға, Өзбекстан мен Қырғызстан арасында ара-кідік шекара жанжалы туындап отырады, кейде ол адам шығынына әкелетін кездер де болып тұрады. Немесе, мысалға, Қырғызстан мен Тәжікстан, ондағы осы немесе басқа да анклавтар елшілік демарштарға бір емес бірнеше рет себеп болып отыр. Сонымен бірге, 2003 жылы ШЫҰ-да көп жақты сауда экономикалық Бағдарламасы қабылданған болатын, онда ұйым аясында еркін сауда аймағын құру қажеттілігі туралы айтылған еді. Алайда, 13 жыл өтті, біз осы бастаманың іске асқанын көрмей отырмыз. Ия, Қазақстанның Қытаймен шекара маңы аймағында әлдебір ынтымақтасу потенциалы бар, бірақ оның ШЫҰ-мен ешқандай байланысы жоқ. Екі ел мұны екі жақты деңгейде жасап жатыр, алайда "Қорғаспен" байланысты болған жанжалдар мен жемқорлық қылмысы бұл жерде де барлығы ашық еместігін, яғни беті ашылмаған нәрселердің көптігін көрсетеді. Сонымен қатар, басқа да мәселелер жетерлік. Мысалға, ШЫҰ ішінде шекара маңы ынтымақтастығы сөз болып жатқан уақытта Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекараны жауып тастады деген хабарлама келді, ал шекарада он шақты жүк машиналары тұрып қалған. Еске сала кетсем, Бүкіләлемдік банктің бір зерттеуінде шекара маңындағы жемқорлық пен кідірістер Орталық Азия бойынша барлық экономикалық және сауда байланысына қиындық туғызып тұрғаны айтылған болатын. Тек, осы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы шекара маңы дауларынан бизнес жыл сайын шамамен 1 млрд. доллар жоғалтады", -  деп қорытындылады сарапшы.

Асқар Муминов, Алматы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу