Рауан Кенженханұлы: Қазақстанға әлі 3 мың мектеп керек

1214

"Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының директоры, Ұлттық кеңес мүшесі Рауан Кенжеханұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Рауан Кенженханұлы: Қазақстанға әлі 3 мың мектеп керек

Екі және үш ауысымда балалардың оқытып жатқан мектептерді жойып, орнына тек бір ауысымды мектептердің жұмысын қамтамасыз ету үшін Қазақстанға әлі 3 мың мектеп керек. 

Айта кетсек, кеше Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін елде 1 мың мектеп салынатынын мәлім еткен еді. 

"Орта білім беру жүйесінде мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесі әлі де өткір болып тұр. Дефицит – 225 мың орын. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай бұл қажеттілік миллионға дейін жетуі мүмкін. Мен бұдан бұрын 2025 жылға қарай 800-ге жуық мектеп салуды тапсырғанмын. Мен бүгін осы тапсырманы 2000 мектепке дейін арттыруды жүктеймін", – деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында

Алайда Рауан Кенженханұлының пайымдауынша, бұл мәселені түпкілікті шешпейді.

"Біз білім саласындағы күрделі мәселелерді, қиындықтарды ашық айтуымыз керек. Себебі білім туралы айтқан кезде түрлі бастамалар мен реформалар өте көп. Соның ішінде шын маңыздысы – білім саласына түсіп келе жатқан демографиялық салмақ барған сайын артып келе жатыр. Қазақстанда мектепте оқитын 3,5 млн баланың 80 пайызы екі ауысымдағы мектепте, 215 мың бала үш ауысымды мектепте оқитынын ашық айтуымыз керек. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарында болғысы келетін Қазақстан үшін алдағы бес жылда үш ауысымды мектептерді жабу деген мақсат – тиісті деңгейдегі қойылған мақсат емес. Шын мәнінде, біз бір ауысымды мектеп деңгейіне өтуіміз керек", – дейді Рауан Кенжеханұлы.

Ұлттық кеңес мүшесінің айтуынша, бұған өту үшін шын мәнінде Қазақстанға әлі де үш мың мектеп керек. Бізге жетпей тұрған қазіргі оқушы орыны – 2 млн. 

"Бұрын бұл мәселені көтерген кезде ол жауаптылар тарапынан өте ауыр қабылданды. Шын мәнінде, әріптестер сол кезде бірден ала кетпеді. Себебі дәстүрлі түрде бұл проблеманы реттеуді ойлап, мектептерді салып, мұғалімдерді көбейте берсек – бұл өте қымбат. Оған біздің шамамыз жетпейді. Бірақ осы бағытта қозғалыс бар. Былтыр жаңадан 800 мектептің салынатыны айтылған еді. Соның өзі бізге демеу болатын. Кешегі Жолдауда соны мың мектепке дейін көбейтеміз деді. Бұл да осы мәселенің шын ауқымын мойындау деп есептеймін", – дейді ол.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу