Матч Алматы қаласындағы Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионында көрерменсіз өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мадридтіктер ойын басталысымен-ақ белсенді болды. "Қайрат" қақпасынан матчтың бірінші бөлігінде 3 рет саңылау тапты. Екінші таймда да 1 гол соқты. Ал алаң иелері жалғыз доппен жауап қайтара алды.
Осылайша, "Қайрат" U-19 екінші рет жеңіліс дәмін тартты. Бұған дейінгі турда алматылықтар сырт алаңда Лиссабонның "Спортингіне" 2:3 есебімен жол берген болатын. Қазір "Қайрат" 30-орында тұр. Ал "Реал" алты ұпаймен турнир кестесінде көш бастады.
"Қайрат" U-19 (Алматы, Қазақстан) – "Реал" U-19 (Мадрид, Испания) – 1:4
Голдар: Исмаил Бекболат 58 – Хайме Портерос 8, Виктор Вальдепеньяс 18, Роберто Мартин 38, Якобо Ортега 77.
Бұған дейін Қазақстандағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына 5 мыңнан аса шетелдік турист келгенін жазған едік.