Түндегі футболсүйер қауымның пікірін қақ бөлген кездесулер тартысты өтті деуге негіз бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ширек финалдағы кездесудің бірі "Реал Мадрид" (Испания) пен "Арсенал" (Англия) арасында өрбіді.
Алғашқы ойында англиялық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ, әсіресе испаниялық клубтың жанкүйерлері қарымта ойынды көп күтті. Алдыңғы есепті еске алып, корольдік команда ірі есеппен жеңудің жайын іздеді. Кездесуде "Арсенал" сапынан Букайо Сака 65-минутта гол соғып, командасын алға шығарды. Ал "Реал Мадрид" футболшысы Винисиус Жуниор қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланып, 67-минутта есепті теңестіріп кетті. Десе де, бұл гол әлі ешнәрсе шешпейтін еді. 93-минутта англиялық клубтан Габриель Мартинелли есепті 1:2-ге жеткізді. Осылайша, атышулы "Реал Мадрид" ширек финалда сүрініп отыр.
Ширек финалдағы тағы бір кездесуде "Интер" (Италия) мен "Бавария" (Германия) алаңға шықты.
Ойында италиялық клубтан Лаутаро Мартинес 58, Бенжамен Павар 61, германиялық командадан Гарри Кейн 52, Эрик Дайер 76-минутта көзге түсіп, кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алғашқы матчта "Интердің" 2:1 есебімен жеңгені жарыс жолын жалғастыруына себепші болды.
Бұған дейін UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан алғашқы екі команданың атын атап, "Жермен-жексен" жеңілген "Барселона" да, "Пари Сен-Жермен" де келесі кезеңге өтті" деген тақырыпта жазған едік.