Ресей-Украина шекарасындағы қауіпсіздік қаупі – ҚР Ресейдегі Елшілігі

1540

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі маңызды ақпарат жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

 Ресей-Украина шекарасындағы қауіпсіздік қаупі – ҚР Ресейдегі Елшілігі Фото: google.com

"Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз", деп жазылған хабарламада.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады).

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін айтылған. 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сенім телефонының нөмірі: +7-925-897-71-14. Еске салайық, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы жаңа елшісі әлі тағайындалған жоқ. Бұл қызметті атқарған Ермек Көшербаев таяуда Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды.

Еске салар болсақ, "Вагнер" жасағының басшысы Евгений Пригожин сенбіге қараған түні Ростовта әскери төңкеріс жасауға ұмтылғанын хабарлаған болатынбыз. Мәскеуде антитеррористік шаралар басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу