Ресейде қамауда болған Назгүл Кенжетай босатылды

2241

Ол түркі қауымы туралы деректі фильм түсіргені үшін қамалған еді.

Ресейде қамауда болған Назгүл Кенжетай босатылды

Ресей Федерациясының субъектісі Хакасияның соты Түркияның GZT деп аталатын басылымында жұмыс істейтін редакторлары, қазақстандық журналист Назгүл Кенжетай мен Түркия азаматы Эмин Карачакты қамаудан босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы адвокат Абзал Құспан мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгін апелляциялық комиссия Назгүл Кенжетай мен Эмин Карачакты босату туралы шешім қабылдады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жұмысына алғысымызды білдіреміз", – деді Абзал Құспан.

17 желтоқсанда Абаканның қалалық соты Кенжетай мен Карачакты Ресейге кіру ережесін қайтадан бұзды деп таныды. Жергілікті ІІМ-нің хабарлауынша, блогерлер Хакасияда аккредитациясыз жұмыс істегендіктен оларға 5 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. 

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, ресейлік БАҚ "Кенжетай мен Қарачақ Ресейге қарсы үгіт-насихат жүргізіп, тыңшылықпен айналысуда, сондай-ақ олар түркі халықтары Ресей билігі кезінде қиын жағдайда өмір сүріп жатыр деп көрсеткісі келеді және исламды насихаттауда" деп белсенді түрде ақпарат жариялауда.

Назгүл Кенжетай – Түркияда тұратын, Түркия университетінің журналистика факультетін бітірген Қазақстан азаматы. Хакасияға барар алдында Эмин Карачакпен бірге Якутия, Бурятия және Алтайдағы түркі халықтарының өмірі туралы бірнеше фильм түсірген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу