Роналду 40 жасында қамал алып, рекорд орнатты

Аңыз футболшының арманы – соққан голдарының санын 1000-ға жеткізу.  

Роналду 40 жасында қамал алып, рекорд орнатты Фото: Sportbox

Кеше ғана Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 936-шы голын тойлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сауд Арабиясы чемпионатының 34-турында "Әл-Наср" клубының шабуылшысы "Әл-Фата" командасы қақпасынан саңылау тапқан. 40 жастағы португалиялық ойыншы өзінің жеке рекордын әлі де жалғастыра түспек. 

Роналду үшін бұл – спорттық мансабындағы 936-шы, клубтық деңгейдегі 800-ші мерейтойлық голы. Криштианудың "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентус" клубтарында допт тепкенін білмейтін футболсүйер қауым жоқтың қасы. Ол қазіргі уақытта Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайды. 

Осы маусымда даңқты футболшы өз чемпионатында 25 рет мергендігімен көзге түсіп, турнирдің "ең үздік бомбардирі" атағын еншіледі. Роналдудан кейінгі орындарға "Әл-Ахли" клубының шабуылшысы Айвен Тоуни (23 гол) мен "Әл-Иттихад" клубының форварды Карим Бензема (21 гол) орналасқан.

Бұған дейін Роналдудың әлемдегі ең табысты футболшы болуын жалғастыра беретінін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу