Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов 9-11 мамыр аралығында Колумбия астанасы Боготада өткен әлемдік Гран-при кезеңінде тамаша өнер көрсетті. Ол финалға дейін еш қиындықсыз жетті. Руслан шешуші кездесуде жапониялық Комата Акираға жол беріп, күміс медаль еншіледі. Турнирде қола жүлде өзбекстандық Вадим Анохинге бұйырды.
Тағы бір отандасымыз Ерлік Сертай жарысты сегізінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Курбанов 2023 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, бұл жетістікпен әлем біріншілігінде жүлде алған алғашқы қазақстандық семсерлесуші атанды. Сондай-ақ Азия чемпионатында үш мәрте – 2013, 2015 және 2017 жылдары алтын медаль иеленді.
2013 жылғы жазғы Универсиадада жеке сында күміс, командалық сында қола медаль жеңіп алды. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында жеке сында 12-нәтиже көрсетті. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында жеке сында 6-орын, командалық сында да 6-орын алды.