Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларының қысқа мерзімді миссиясының жетекшісі Кристиан Вигенин айтты.
Оның айтуынша соңғы сайлауда заң жағына өзгеріс енгізіліп, сарапшылардың кейбір ұсыныстары ескерілген. Әйтсе де құқықтық база әлі де ЕҚЫҰ талаптарына сай емес, өйткені ескі жүйелік кемшіліктер сақталған.
Мұны демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюроның сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссиясының жетекшісі Ярослав Марчин Доманьски де растайды. Оның айтуынша құқықтық база әлі де халықаралық стандартарға сай емес. Бұған дейін аталған бюро ұсыныстарының ішінде саяси партияларды тіркеу бойынша мүшелер санын азайту, жала жабу бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату, кандитат ретінде тіркелген әйелдердің санын көбейту үшін арнайы шаралар қарастыру ескерілген.
Сондай-ақ Ярослав Марчин Доманьски сайлауға 12 миллионға жуық сайлаушы тіркелгенін, алайда ақыл-есі кем, жүйке ауруымен ауырады деп танылған адамдар мен сотталғандар дауыс беру құқығынан айырылғанын, бұл халықаралық стандарттарға қайшы екенін айтады.
Халықаралық бақылаушылар кандидаттарды тіркеу талаптарын жеңілдету керек
деген ұсыныс айтты. Себебі 2013 жылдан бері елімізде жаңа саяси партия тіркелмеген. Ал депутат атану үшін саяси партия мүшесі болу басты талап. Сарапшылардың сөзінше 2019-2020 жылдары жаңа саяси институт тіркеуге 9 өтініш келіп түскен. Алайда оның бірде біреуі қанағаттандырылмаған. Кандидат ретінде тіркелу үшін өте қатал талаптар қойылады. Бұл да халықаралық стандарттарға қайшы. Бұл сайлауда бес партия жалпы саны 312 кандидат ұсынды және екі партия ғана жеткілікті көлемде кандидат тіркеді. Партиялық тізім бойынша жекелеген кандитаттар туралы ақпарат қолжетімді болмады. Жақында ғана заңға енгізілген өзгеріске қарамастан бірігу бостандығына шектеу бар.
"Қазақстанда 2013 жылдан бері жаңа партия тіркелмеген, бірнеше өтініш әлі де қарастырылу үстінде", - деді Ярослав Марчин Доманьски.
Жалпы алғанда халықаралық бақылаушылар миссиясында әлемнің 20 елінен 48 бақылаушы бар, оның ішінде 41 адам демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюроның және ұзақмерзімді бақылаушылар. Сондай-ақ 7 адам ЕҚЫҰ-ның аппарат өкілдері мен парламентарийлері.
"Желтоқсанның басынан бері Қазақстандамыз. 24 ұзақ мерзімді бақылаушылар бар. Біз саяси партиялар өкілдері мен Орталық сайлау комиссиясы, Азаматтық қоғамастық өкілдерімен кездестік. Қоғамдық кеңестер өткізіп, БАҚ-қа мониторинг жүргізу арқылы мониторинг жасадық. Осы жұмыстардың қорытындысымен бөлісіп отырмыз", – деді Ярослав Марчин Доманьски.
Құралай Құдайберген
Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!