Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

179

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Еруланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Санжар ақтық сында жапониялық Шокей Хираноны тізе бүктіріп, алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша ұлттық құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) қола жүлде алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу