Сара Назарбаева: "Өзін-өзі тану" бірінші орындағы пән болуға тиіс"

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
260233

Қазақстанның бірінші ханымы рухани білім беруге қатысты өз көзқарасын білдірді.

Сара Назарбаева: "Өзін-өзі тану" бірінші орындағы пән болуға тиіс"

Қазақстанның бірінші ханымы – Сара Назарбаева "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі оныншы республикалық кеңеске қатысты. Бұл туралы сенбі, 1 шілде күні "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Форумға ұстаздар, журналистер мен мәдениет және өнер саласының танымал қайраткерлері қатысты. Сара Алпысқызының пікірінше, бұл пәнді балабақша мен мектептерде ғана емес, елдің жоғары оқу орындарына  да енгізу қажет.

"Өз жан дүниеңе үңіл. Сені бақытты еткен не, бақытсыз еткен не. Осыдан соң сен балаларыңа дұрыс тәрбие бересің. Оның үстіне мұғалім болсаң, мектепке, балабақшаға, жоғары оқу орнына білім алуға келген балаларды тәрбиелейсің. Сондықтан айтарым жалпы адамгершілік құндылықтар барлық сабақта, барлық емтиханда, қабылдау емтихандарында бірінші орындағы пән болуға тиіс", – деді "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік  білім беру бағдарламасының авторы.

Сара Назарбаеваның пәні алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында "Өзін-өзі тану" пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап "Өзін-өзі тану" міндетті пән ретінде енгізілді.

Әйгерім Сүлейменова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу