Сарапшы: "Қазір "Люкс" санатындағы қонақүйлер ашатын уақыт емес"

Алина Альбекова Алина Альбекова
39846

Отель ашуға ниеттенсеңіз не нәрсеге дайын болу керек, бұл бизнесте аз ғана уақытта қалайша үлкен пайда табуға болады деген сұрақтар жөнінде қонақүй индустриясының тәуелсіз сарапшысы Анастасия Крумина әңгімелеп берді. 

Сарапшы: "Қазір "Люкс" санатындағы қонақүйлер ашатын уақыт емес"

Кез келген отельер мен хостельер ісін бастарда өтуге тура келетін  үш кезеңді білуі тиіс. Біріншісі - қажетті жағдайлар жасау, оған дизайнерлер тобы, қызмет көрсетуді ұйымдастырушылар мен қонақүй кеңесшілерінің  қалай жұмыс атқаратындығына байланысты. Екіншіден, ғимаратты иелену мен тиімді пайдалануға әзір болуы керек. Үшіншісі, қонақүйді сату немесе жәй пәтерлерге айналдыру, яғни, өзге амалдарды қарастыруы шарт. Сарапшының сөзінше, қонақүйдің ғұмыры  көп дегенде 25 жылға созылуы мүмкін. Одан кейін атауын өзгертуді талап етеді. Мысалы, InterContinental Hotels Group  соңғы жылдары неше мәрте қызмет жүйесін түрлендіріп, Ресей мен елімізде Holiday Inn атымен қонақүй нарқына қайта енуде.

"Мәскеудегі қонақүй иелерімен әңгіме барысында бизнесіңізді балаларыңызға айтуға тұрарлықтай мұра етіп  қалдыруды ойластырса, осы жәйттерді есте сақтауды ескерттік. Бұл бизнеске салған қаражаттың қайтымына ұзақ уақыт қажет. Өз-өзін ақтаған соң тұрақты, ойлағандай пайда әкеледі. Онда да жұмысыңызды  жүйелей алсаңыз",- дейді Ресей мен Қазақстан қонақүй индустриясының мамандарының бас қосқан Welcome Forum жиынында.

Сарапшының айтуынша, бірінші жылы табыс күтпеуге болады. Қонақүй мүмкіндігінің  50 пайызына жеткенмен қалыпты жұмыс істеуі үшін әлі де жеткіліксіз. Екінші жылы сауатты ұйымдастыра алсаңыз 75 пайыз өнімділік көрсетеді. Келесі кезек 5-6 жыл осы ұстанымнан айнымаған дұрыс. Онымен бірге тәуекелі көп қонақүйге басқаша атау беру мен жөндеу жұмыстары кезінде қаржылық құлдырау қаупінен сақ болған жөн.

"Қонақүйді несие алып ашар болсаңыз, саланы жетік меңгеру керек. Алғашқы жылы бизнесіңіздің жағдайы құбылмалы болғанымен алдағы бес жылда кіріс көбейеді. Одан кейін, керісінше кемиді. Сондықтан  алдағы бес жыл бойы мұндай шығындарға дайын болған абзал",- дейді Анастасия Крумина.

Қазіргі күні  бес жұлдызды немесе эконом-классты "Люкс" қонақүйлер ашу тиімсіз. Бірнеше жылдарға арналған инвестиция салу қолайсыз. Себептері де әр түрлі: геосаяси  тұрақсыздық, тұтынушылардың басқа бір тобының көзқарастары мен қалауының  жылдам әрі үнемі өзгеруі ақша есептеп үйренуге мәжбүр етеді  деген сарапшы есесіне ішкі туризм дамып келе жатқандықтан орташа класты қонақүйлерге басымдық беру керектігіне сенімді.

"Мен орта класқа бейімделе аламын. Көлемі үлкен номердегі бір ғана үстел мен орындыққа артық шығындануды,тіпті, түсінбеймін. Қаржы үнемдеуде отельдердің  жұмыс үстелінсіз болуына келісемін. Неліктен? Бәрі де жай қарапайым нәрсе. Менің он сегіздегі інім диванда ноутбукпен отырмай-ақ жатып жұмыс істейді. Оның жинап қоярдай көп қағазы жоқ. Барлығын электронды түрде  сақтайды. Менің ойымша қонақүй иелері үшін жақсы жаңалық. Бүгінгі жастар болашақ қонағымыз болатындықтан назар аударуға тұрарлық",- деп есептейді Анастасия Крумина.

Сарапшының сөзінше, қазіргі күні Мәскеудегі жағдай мәз емес. Брендті "Люкс" отельдерге тапсырыс беретіндер сиреген. Ең басты қателік қонақүй қожайындарының халықаралық отельдердің өкілдерімен шарт жасасқандығында. Дегенмен, ондай келісімдер жауапкершіліктен бөлек,  кепіл де бола алмайтындықтан, егер отельер өз білімі мен біліктілігіне сенбесе, тәжірбиелі кеңесшілерге жүгінуге кеңес береді.  

Тағы бір қателік үшжұлдызды қонақүйлер үшін италияндық жиһаздар сатып алумен қатар, ағылшындық дизайнер, германиялық басқарушы мен француздық азпазшыны жалдауында. Анастасия Крумина жергілікті азпаздар шетелдік стандарттарды әлдеқайда жақсы игеретініне сенімді.

"Өзге мемлекеттен келген өз талабын қоятын қызметшілер де кездеседі. Мен былай жасар едім. Негізі былайша қолайлы. Қымбаттым, Францияда, Германияда дұрыс болса, мүмкін Ресейде де солай. Ресей де өзінше мемлекет, демек, Мәскеуде құп көрген дүние Калининградта қабылданбайды. Сол үшін қызметшілер қатарына шетелдіктерден гөрі жергілікті тәжірибелі мамандарды  жұмысқа алу қажет",- дейді Анастасия Крумина.

Сондай-ақ, Анастасия Крумина отельерлердің шығындарының көп екендігіне қынжылмауын да өтінді. Ресейде де Қазақстандағы сияқты бесжұлдызды қонақүйдің құрылысы аяқталмай, заңдастырылып үлгермеген жерге, салынып бітпеген ғимаратқа салық төлейді. Бәрі қалай бермесе де Германия, Швейцария мен Австрия елдеріндегі  бренд делінетін Motel One қонақүйінде мейрамхана, жұмыс үстелі мен креслоны айтпағанда гардероб орнына киім ілгіштер ғана қойылған. Номердің бағасы 84 еуро тұратындықтан отель иелері армандағандай қонақтар үзілмейді.

Сонымен бірге, Анастасия Крумина клиенттердің қарапайым заттарға жақсы матрас, таза жайма-көрпе тыстарға, электр қуаттайтын көздердің көптігі мен душ пен сүртінген жақсы сүлгіге де төлейтінін айтып өтті. 

"Менде бірде қызық оқиға болған. Тюмень қаласындағы отельдің төбесіне ернеулік іздедік. Бөлмеге түр-түсі мен ені сәйкес келмегендіктен бір шешімге келе алмай бір жарым апта уақыт өткізіп алдық. Сосын мен былай түсіндірген болдым. Қымбаттым, сенімен бір жарым апта өткізіп, жұмыс тоқтап қалды. Қонақтың соңынан еріп бақылаңыз, ол төбедегі жиектеме ернеулікті бар екенін байқамайды. Келген мейман алдымен матрасқа, төсек пен душқа көңіл бөледі. Сапалы сервис үшін артық қызмет қажет емес",- дейді Анастасия Крумина.

Қазақстандықтарға көзге қораш көрінгенмен, қала сыртында ауылға баратын жол бойында салынған 3L: Location, Location, Location отельдерін үлгі еткен  сарапшы бағаның арзан болатындығымен түсіндірді. Онымен бірге 4P: Place, Price, Product, Promotion қонақүйлерінің бағаға сай қызмет көрсету ержесін ескеруді ұсынды.

Алина Альбекова, Астана 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу