Сарапшылар неліктен "4+1" үлгісін ұсынуда?

1269

Сарапшылар тобы зейнетақының шартты-жинақтаушы бойынша жасаған ұсыныстарына түсіндірме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар неліктен "4+1" үлгісін ұсынуда? Фото: gov.kz

Белгілі экономистер Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сәйденов, Елена Бахмутова, Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ шұғыл шешімдер қабылдауды қажет ететін жүйелік мәселелер қатарына кірді.

"Сарапшылардың пікірінше, шартты-жинақтаушы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) ортақ зейнетақының төмендеуін өтей алмайды. Жинақтардың лайықтылығын және жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойы төленуін қамтамасыз ету мақсатында сарапшылар мынадай ұсыныстар жасады: Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (ЖМЗЖ) шартты-жинақтаушы нұсқасы (іс жүзінде үлестіруші) түсінікті және неғұрлым әділ (жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін) аралас нұсқамен ("4+1"моделі) ауыстырылсын: - ЖМЗЖ-ның 4%-ы жұмысшылардың жеке зейнетақы шоттарына жіберіледі (осы жинақтарға меншік құқығы мен мұраға қалдыру құқығын беріп), - ЖМЗЖ-ның 1%-ы жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойына берілетініне кепілдік беретін жалпы шотқа жіберілсін. Жинақтаушы зейнетақы төлемдерінің өмір бойына кепілдендірілуі (аннуитизация) адал жұмыскерлерді қарттық шағының бүкіл кезеңінде және ең төменгі әлеуметтік стандарттан (ЕТЖ-дан төмен емес) төмен емес жиынтық зейнетақымен қамтамасыз етеді.

2. Азаматтардың ЖМЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыруға тең қолжетімділігін (қазіргі кезде көзделгендей, тек 1975 жылдан кейін туғандармен шектелмей) қамтамасыз ету, бұл ортақ зейнетақының объективті түрде қысқаратынын ескерсек, өте маңызды. ЖМЗЖ енгізу мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті бөлу қағидаттарын ескере отырып, Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылды. Шартты-жинақтаушы зейнетақыға қатысты мәселелердің екінші топтамасы бойынша түсіндірмелермен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін лайықты зейнетақымен қамсыздандырудың құрамдас бөліктерінің бірі мемлекеттік зейнетақыға қатысты мәселелердің бірінші топтамасы бойынша түсіндірмелер ресми сайтта орналастырылған", - делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн,  енгізілген ұсыныстар зейнетақымен қамсыздандырудың барлық құрамдауыштарын нығайтуға бағытталған, өзара байланысты және кешенді түрде ескерілуі тиіс.

"Сондықтан біз сарапшылардың ұсыныстарының қалған бағыттары бойынша да түсініктеме беруді жалғастырамыз. БАҚ-пен байланыс: press@enpf.kz Ресми сайт: www.enpf.kz Facebook, Instagram: enpf.kz "БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді", - деп қосты қордың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды,жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады. (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу