Жаңартылған мәліметтерге сүйенсек, алматылық "Қайраттың" жалпы құны айтарлықтай төмендеп, команда ең қымбат клубтар рейтингінде бесінші орынға тұрақтады, деп жазады inbusiness.kz сайты Aladop.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл өзгерістің басты себебі – 17 жасар Дастан Сәтпаевтың Лондондық "Челси” клубына ауысуы. Бұл трансферден кейін "Қайраттың” құрамы шамамен 3,5 миллион еуроға арзандаған.
Қазіргі таңда ҚПЛ-дағы ең қымбат 5 клубтың көрсеткіштері келесідей:
- "Ордабасы” – 10,38 млн еуро
- "Астана" – 10,13 млн еуро
- "Тобыл" – 9,78 млн еуро
- "Ақтөбе” – 9,23 млн еуро
- "Қайрат” – 9,10 млн еуро
Осылайша, Шымкенттік "Ордабасы” ел чемпионатындағы ең қымбат құрамға ие клуб ретінде көш бастап тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу