Саясат Нұрбек бес жылда ғалымдар санын 21 мыңнан 34 мыңға дейін жеткізбек

3615

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ғылым туралы заңнамаға біршама өзгерістер енгізіліп, оны қаржыландыру екі есеге жуық өскенін еске салады. "Бізге жұмсалған қаражаттың тиімді қайтарымы қажет" деп нәтижеге жұмыс істеуге шақырады.

Саясат Нұрбек бес жылда ғалымдар санын 21 мыңнан 34 мыңға дейін жеткізбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылға дейін ғалымдар мен зерттеушілер санын 21,6 мыңнан 34 мыңға дейін жеткізуді өз алдына міндет қылып қойғанын айтады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің саны, министрдің айтуынша, 21,6 мың адамды құрайды (2020 ж. – 22 665, 2019 ж. – 21 843). оның 7 525-і жас ғалымдар, бұл жалпы ғалымдардың 35%-ын құрайды.

Сонымен бірге министр мырза ғылыми мақалалар санын да көбейтуді көздейді. 

Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҒЗИ санын 15-ке арттыру, индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды 150%-ға өсіру және 2025 жылы жабдықтарды 30%-ға жаңарту арқылы ҒЗИ сапасын арттыру міндеті тұр.

"Сондай-ақ 2025 жылы қазақстандық ғалымдардың Халықаралық ғылыми журналдарындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және "ҒЗИ сапасы" көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу жоспарланған", – дейді Саясат Нұрбек.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрдің назарын бір нәрсеге аудармақ.

"Біз "зерттеу жүргізу керек деп", ғылыми зерттеу жұмыстарын көбейте бермеуіміз керек. Ең алдымен, олардың нәтижелілігі мен экономиканың түрлі секторларында қолданылуын арттыру – маңызды міндет. Соңғы жылдары ғылым туралы заңнамаға біршама өзгерістер енгізілді және оны қаржыландыру екі есеге жуық өсті. Бізге жұмсалған қаражаттың тиімді қайтарымы қажет", – дейді Премьер-министр.

Оның сөзіне қарағанда, отандық индустрия, ғылыми қоғамдастық, университеттер мен бизнес барынша өзара тығыз байланыс орнатуы қажет. 

"Ғылыми жетістіктер өндіріске енгізіліп, халыққа нақты пайда әкелуі тиіс. Ғылым министрлігі бұған ерекше назар аударуы керек", дейді Үкімет басшысы.

Ресми мәліметке қарағанда, жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін "Жас ғалым" жобасы аясында жас ғалымдарға ғылыми зерттеулерге және постдокторантура үшін 1 037 грант бөлінді.

Жыл сайын халықаралық тағылымдамаларға 500 грант бөлінеді. 2021 жылы әлемдік ғылыми орталықтарға 400 ғалым жіберілді.

2020 жылдан бастап жыл сайын 50 "Үздік ғылыми қызметкер"сыйлығы тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу