"Семей орманы" аумағындағы өрт бойынша сервистер штаттық режимде жұмыс істеген

1081

Бұл геосервис ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне де қолжетімді. 

"Семей орманы" аумағындағы өрт бойынша сервистер штаттық режимде жұмыс істеген Фото: ҚР ЭТРМ баспасөз қызметі

"Семей орманы" МОТР аумағындағы өрт бойынша сервистер штаттық режимде жұмыс істеді, деп жазады inbusiness.kz "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, орман және дала өрттерінің ықтималды ошақтарын жедел анықтау жер бетінің температурасын тіркейтін термалды каналдар көрсеткіштерінің деректері бойынша жерді қашықтықтан зондтау негізінде жүргізіледі. 

"Бүгінгі таңда 4 спутниктің (Aqua MODIS, Terra MODIS Suomi NPP, NOAA) деректері пайдаланылады, олардың әрқайсысы Қазақстан аумағын тәулігіне 2 рет түсіреді. Бұдан  кейін деректерді жерүсті қабылдау станциясына жібереді, жер бетінің қалыптан тыс жоғары температурасын анықтау үшін өңдеу және деректерді ТЖМ-ге қолжетімді арнайы геосервистерге жүктеу жүзеге асырылады. Деректерді қабылдау, өңдеу және жариялау шамамен 2 сағатты құрайды", - делінген хабарламада.

"Қазғарыш" мәліметінше, 8 маусым күні "Семей орманы" МОТР аумағындағы өрт бойынша сервистер штаттық режимде жұмыс істеген.

"Өрт ошағы туралы алғашқы деректер 2023 жылдың 8 маусымында сағат 11:23-те ғарыш аппараттарынан алынды. 8 маусым сағат 13.20-да mchs.gharysh.kz геосервисіне жүктелді. Бұл геосервис ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қолжетімді.  Мониторинг және талдау осы күнге дейін жүргізіледі және жауапты органдармен бірлесіп пысықталады", - деп түйіндеді ұлттық компания.

Осыған байланысты ведомствоаралық координация елімізде жолға қойылған ба және ол жалпы бар ма деген сұрақ туындайды. Төтенше жағдайлар министрлігі ғарыштық мониторинг деректері туралы хабарлауы керек пе әлде төтенше жағдайлар департаменті оларды өзі тексере ме? inbusiness.kz осы тақырып бойынша зерттеуді жалғастырады. 

Еске салайық, "Семей орманындағы" алғашқы өрт ғарыштық мониторинг карталарында 8 маусым күні байқалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу