Семсерлесуден әлем чемпионатында Нұрмұхаммед Жайлыбай тарихи қола жүлдеге ие болды

113

Спортшымыз турнир барысында бес қарсыласын да айқын басымдықпен жеңді. 

Семсерлесуден әлем чемпионатында Нұрмұхаммед Жайлыбай тарихи қола жүлдеге ие болды Фото: kazakhstan_fencing

Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Нұрмұхаммед Жайлыбай ел тарихында алғаш рет қола медаль жеңіп алды.

Бұл Қазақстан семсерлесу спорты үшін көптен күткен тарихи жетістік. Бұған дейін отандастарымыз Артем Саркисян мен Бақдаулет Құралбекұлы жүлдеге бір қадам жетпей тоқтаған еді.

Нұрмұхаммед жарысты FIE рейтингі бойынша 25-нөмірмен бастап, алғашқы жекпе-жектерден-ақ сенімді әрі салмақты өнер көрсетті. Ол 1/64 финалда сенегалдық Тиам Кодені 15:9 есебімен жеңді. Кейін 1/32 кезеңінде венгриялық Даниэль Беркесзиді 15:6 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

1/16 финалда жапониялық Мотоки Кавахараны 15:11 есебімен тізе бүктірген қазақстандық спортшы ширек финалда ресейлік Ярослав Борисовпен тартысты кездесуде 15:14 есебімен басым түсті.

Ал жартылай финал жолдамасы үшін өткен сында америкалық Эмилио Патурзо Гонсалесті 15:13 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Нұрмұхаммед Жайлыбай Еуропа чемпионы әрі әлемдік рейтингтің көшбасшысы түркиялық Фуркан Яманмен кездесіп, тең дәрежеде өткен тартысты бәсекеде 13:15 есебімен жол берді. Осылайша жарыстың қола жүлдегері атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу