Семсерлесуден Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікке кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар сапы жаттығуы бойынша қола жүлдеге ие болды.
Мажарстан құрамасы чемпион атанса, Жапония семсерлесушілері күміс медальді қанағат тұтты.
Жарыс барысында қазақстандықтар 1/8 финалда Гонконг құрамасын 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан айласын асырды — 45:28. Жартылай финалда жапондарға 28:45 есебімен есе жіберді.
Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай өнер көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу