Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында семсерлесуден "сабля" санаты бойынша 1/32 финалдық сайыстары өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған сайыста қазақстандық спортшы Әйгерім Сарыбай франциялық Манон Брюнеге қарсы кездесуде есе жіберді. Ол қарсыласынан 12:15 есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Манон Брюне – Токио Олимпиадасында жекелей сында қола, командалық сайыста күміс еншілеген.
Сондай-ақ 2017 жылғы әлем чемпионатында командалық бәсекеде алтынға қол созған. 2023 жылғы Еуропа чемпионатының жекелей сынында топ жарып, алтыннан алқа таққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу