Сенат алдағы үш жылдық бюджет туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды

453

Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. 

Сенат алдағы үш жылдық бюджет туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды Фото: Parlam.senate.kz

Сенат "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды Мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заңды талқылау барысында Сенат комитеттері мен депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, 2025 жылы шығыстарды 60,0 млрд теңгеге ұлғайту қолдау тапты. Шығыстарды арттыруды қаржыландыру Үкімет резерві есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа мемлекеттік органдар арасында қаражат қайта бөлінді, сондай-ақ депутаттардың басқа да ұсыныстары қолдау тапты. Сенат комитеттері мен депутаттарының барлық ескертулері мен ұсыныстары салыстырмалы кестеге жинақталды",  – делінген сенатор Сұлтанбек Мәкежановтың заң жобасына берген қорытындысында.

Депутаттар заңның жекелеген баптарын мақұлдамады. Құжаттың көрсетілген баптарының жаңа редакциясы Мәжіліске қайтарылды.

Айта кету керек, осыған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев Сенаттың жалпы отырысында алдағы екі жылға жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын таныстырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу