Сенаторлар "Жасанды интеллект туралы" заңды Мәжіліске қайтарды

282

Құжаттың жекелеген баптары мақұлданбады.

Сенаторлар "Жасанды интеллект туралы" заңды Мәжіліске қайтарды Фото: Сенат

Сенат "Жасанды интеллект туралы" заң мен оған ілеспе құжатты Мәжіліске қайтарды. Заңның жекелеген баптары жаңа редакцияда ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат бойынша сөз сөйлеген сенатор Бибігүл Аққожина жасанды интеллектіні енгізу нормативтік базасыз мүмкін емес екенін баса айтты. 

"Негізгі заң Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект технологияларын реттеу үшін құқықтық негіз құрайды. Ол жасанды интеллектіні қауіпсіз және этикалық енгізуді қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған", – деді депутат.

Сенаторлар заң бойынша бірқатар түзету қабылдады. Олар құжаттың жекелеген баптарын мақұлдамады. Осылайша аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, негізгі заң мен оған ілеспе түзетуді Мәжіліске жіберді.

Айта кету керек, бұған дейін Мәжіліс "Жасанды интеллект туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдағанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу