Шаруалардан 1 млн тонна астық сатып алынады

335

Биыл бастапқы 150 мың тонна астық сатып алынады. Қалғаны келесі жылдың жоспарына қалады.

Шаруалардан 1 млн тонна астық сатып алынады Фото: canva.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Сенат кулуарында ел диқандарынан сатып алынатын астыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, биыл диқандардан 150 мың тоннаны сатып аламыз. Қалғанын сатып алуды келесі жылдан бастаймыз. Қаражат мәселесін шешу қажет. Сосын сатып алу қамына кірісеміз. Қаңтардан бастап астықты сатып алуды бастау бойынша жоспарымыз бар",  –  деді Азат Сұлтанов.

Тілшілер қаражат қайдан бөлінетінін нақтылады.

"Оның екі жолы бар. Біріншісі – бюджетті нақтылау кезінде алу, екіншісі – Үкімет резерві арқылы. 1 млн тоннаны қамтимыз деген жоспар бар. Болжам бойынша 12 млн тонна астық экспортталады деп жоспарланған", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Үкімет шаруалардан астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу