ШҚО-да алтын барлайтын компанияның жұмысы уақытша тоқтатылды

2127

Шығыс Қазақстандағы Күршім ауданында алтын барлау және өндіру ісімен айналысқан компанияның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Себебі Маралды ауылының тұрғындары Күршім өзенін ластаған, беймәлім компанияның жұмысына наразылық білдірген.

ШҚО-да алтын барлайтын компанияның жұмысы уақытша тоқтатылды

Соңғы бір-екі жылда облыс төңірегінде алтын қазушылар көбейіп, табиғатты мейлінше ойрандады. Бір қызығы қолында құжаттары болғанымен, жерлігікті тұрғындардың келісімін алмаған. Жайылымдық жері тарайып, ауызсуы ластанған жұрт наразылыққа шықты.

Бұл жолы 400 ден астам адам жиналды. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Күршім, Сарыөлең, Бурабай, Қойтас, Теректібұлақ ауылдарындағы Маралды ауылының тумалары, Қыстау-Күршім, Үшбұлақ, Маралды ауыл тұрғындары, зейнеткерлер, кәсіпкерлер, орман шаруашылығы мен мектеп мұғалімдері және жұмысшылары, ветеринария қызметкерлері, ауыл жастары мен белсенділер, мәслихат депутаты болды. Барлығының талабы біреу – алтын өндіретін фабрика жұмысын тоқтатсын!

– Мына жер алтын қазатын жер емес, туризмді дамытатын жер. Мұнда неше түрлі аң-құстардың түрі бар. Ертең фабрика салынса, онда мұның бәрі құрып кетеді. Себебі табиғат пен өзен де ластанады, – дейді ауыл тұрғындары.

Халықпен кездесуге Қазақстан Републикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов, ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев, аудан әкімі Дулат Қажанов және басқа да сала басшылары мен мамандары қатысқан.

– Үш сатылы сүзгі пайдаланылып, заманауи технология күшімен істелетін жұмыс барысы қауіпсіздігі жоғары болып есептеледі. Алайда жергілікті тұрғындар оған сенбейтіндерін, қауіпсіздігіне көздері жетпей тұрғандарын айтып, фабриканың салынуына қарсылықтарын білдірді. Арнайы жұмыс тобы тараптарды тыңдап, тұрғындардың негізгі сұрақтары бойынша тексеру-сараптау жұмыстары белгіленетінін, оның қорытындысы бір айдың ішінде шығатынын мәлімдеді. Қандай да бір шешім шыққанша компания жұмысы уақытша тоқтатылатын болды, – деп жазды Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Десе де, жергілікті тұрғындар тұмса табиғатты талқандайтын фабриканы салғызбайтындықтарын жеткізді. 

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу