Жақында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Павлодар облысына сапары барысында Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмысы қалай жүріп жатқандығын өз көзімен көріп қайтты. Біздің abctv.kz порталымызға берген эксклюзивті сұхбатында АҚ бас директоры Шухрат Данбай осы жоба барысында қандай жұмыстар атқарылатындығы мен қандай жұмыс жоспарланып жатқандығы туралы толығырақ баяндап берді.
- Шухрат Әбдірашитұлы, егер мен шатаспасам, қазақстандық зауыттарды жаңғырту туралы әңгіме соңғы 10 жыл бойына қозғалып келді ғой. Осы жылдарда кәсіпорында бірдеңелер жасалған сияқты, алайда жаңғырту жұмысы ешқайсысында жүргізілмеді. Дегенмен, сарапшылар МӨЗ-ді жаңғырту жұмысын біздің кешіктіріп алғандығымыз туралы жазған болатын. Нақты Павлодар МХЗ жайында сөз қозғасақ. Сіздің кәсіпорныңыздағы процестің осыншалық ұзақ жүруінің себебі не?
- Барлығы түсінікті. Ең бірінші, Павлодар зауыты өз алдына бірегей екендігін айтқым келеді. Егер оның құрылу тарихын айтатын болсақ, ол сонау 1978 жылы КСРО кезінде құрылған.
Бастапқыда кәсіпорын Сібірдің батыс-сібір мұнай кен орнын өңдеуге бағдарланған болатын. Бұл географиялық жақындық және инфрақұрылымдардың болуымен түсіндірілген еді.
Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан үкіметі алдында зауытты шикізатпен жүктеу туралы мәселе тұрды. ПМХЗ-ды жаңғырту бірнеше мақсатқа бағытталған болатын. Ол тек сапалы еуро-4 және еуро-5 бензинін шығару ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мұнайды өңдеуге да бағдарланған еді.
Таңдау "Роминсервис" (Rompetrol концернінің 100% "еншілесі") компаниясына түсті. Жаңғырту жобасының құны 1,2 млрд. АҚШ долларынан артық.
Осылайша, Павлодар МХЗ-ды жаңғыртуға байланысты жұмыстар тек 2013 жылы ғана басталды. Алайда, белгілі болғандай таңдап алынған компанияның мұндай үлкен және күрделі жобалармен жұмыс істеу тәжірбиесі жоқ болып шықты. Өйткені, біздің зауытта ресейлік мұнайдан қазақстандық мұнайға көшу қарастырылған еді.
Соңында жобаны басқаруды "РомИнсервиса" компаниясынан алып, "ҚазМұнайГаз"- өңдеу және маркетинг" компаниясына беруге шешім қабылданды. Сонымен қатар, біз "РомИнсервис" компаниясының басшылығын өзгертуге шешім қабылдадық, өйткені бұл компания жобаға қатысуды жалғастырды, бірақ жартылай ғана қатысады.
Осыдан кейін, "ҚазмұнайГаз" компаниясының бас компаниясында Павлодар МХЗ-ын жаңғырту жобасының жаңартылған кестесі бекітілді.
- Жаңғырту жобасының жаңартылған кестесінің бұрынғыдан айырмашылығы қандай?
- Біріншіден, біз жоба бойынша жұмыстың көлемі мен құнын 1,2 млрд. АҚШ долларынан 696 млн. АҚШ долларына дейін екі есеге азайттық.
- Барлығы қымбаттап жатқанда жұмыс құнын төмендету ненің есебінен болып отыр?
- Негізінен, біздің қазақстандық мұнайды өңдеуге арналған жабдықты орнатудан бас тартуымызға байланысты болып отыр.
- Қалайша бұлай болды? Ресейлік шикізатқа тәуелділіктен кету жаңғырту жобасының негізгі мақсатының бірі болған еді ғой...
- Сіздің сұрағыңызға жауап екі бөлімнен тұрады. Біріншіден, Қазақстан үкіметі Ресеймен ресейлік мұнайды 10 жылға ұзарту мүмкіндігімен жеткізу және транзиттеу туралы келісімге қол қойды. Бұл қазақстандық мұнайды ПМХЗ-ге жеткізу және оны өңдеуі мүмкін жабдықты орнатуға қатысты сұрақты шешеді.
Екінші жауап, біз қазақстандық мұнайды өңдейтін жабдықты орнатудан бас тартпаймыз, оған қажет барлық құжаттар бар және олардың қолданылу мерзімі үш жылға дейін жарамды болады.
Біз қазір қазақстандық мұнайды өңдеу бойынша жабдықты орнатуды кейінге қалдыруға шешім қабылдадық, ресейлік шикізатты кепілді жеткізу барысында жаңғыртуды жылдамдатып аяқтап, елімізге керек еуро-4 және еуро-5 бензинін шығаруға көңіл бөліп отырмыз.
Бірақ біз келешектегі энергетикалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қазақстандық мұнайды өңдеу бойынша жабдықты орнатудан бас тарқан жоқпыз. Біз жобаның бұл бөлігін кез келген жағдайда іске асырамыз, бірақ сәл кешірек.
- Қазіргі күні жаңғырту жобасы бойынша не жасалды?
- Павлодар зауыты жеткізушілермен жұмысты қолына алды. Біз жобалаушыны айырбастадық, яғни оңтүстік кореялық компанияны ресейлік "Омскнефтехимпроект" компаниясына алмастырдық, олардың Павлодар МХЗ сияқты жобалармен жұмыс істеу тәжірбиесі бар.
Ресей компаниясымен бірлесіп жұмыс істеу едәуір тиімді жүруде, нәтижесінде осы жылдың 6 тамыз күні премьер-министрдің келуі қарсаңында құрылыс алаңында 94% метал құрылғы орнатылып, барлық инженерлік желілер біздің жаңа жоспарымызға сәйкес жасалды. Мұның барлығын үкімет басшысы өз көзімен көрді.
- Тағы нені істеу керек? Жаңғырту жобасының дэд-лайны қандай?
- Осы жылдың соңына қарай, желтоқсан айында, біз жабдықтың механикалық жинауын толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ал алдағы жылдың көктемінде іске қосу-реттеу жұмыстары басталуы керек, содан кейін зауыттың барлық жүйесін іске қосумен айналысамыз.
Осылайша, 2017 жылдың тамызында жобаның жаңартылған кестесі бойынша бірінші кезең жұмысы аяқталуы керек. Зауыт бұл уақытта еуро -4 маркалы бензинді шығарып, 5,1 миллион тонна мұнайды өңдеуі керек.
Жаңғыртудың соңғы кезеңі 2018 жылдың екінші жарты жылдығында зауыт еуро-5 бензинін шығара алатын және өңдеу қуаты 6 млн. тоннаға шыққанда аяқталуы тиіс.
Жұмыстың соңғы кезеңін өз күшімізбен, яғни "ҚазМұнайГаз" күшімен бітіре алатындығымызды атап кеткім келеді.
- Сіз әңгіме барысында жобаның қиын екендігін бірнеше рет айтып кеттіңіз...
- Күрделі ғана емес, бірегей деуге болады. Өзіңіз ойлап көріңіз, біз әрқайсысы 500 тонна болатын реакторлар орнатуымыз керек. Салыстырып көріңіз, Кеңес одағы кезінде мұнай өңдеу зауыттары үшін ең ауыр реакторлар 200 тонна болатын. Қазір осы заманауи 500 тонналық реакторлар арнайы жүк кемелері арқылы теңізді кесіп өтіп Қазақстанға жол тартуда.
Оларды қабылдау үшін Ертіс өзеніне арнайы айлақ салудамыз. Айлақ бойынша жұмыс осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталуы керек.
Біздің жобамыздың ерекшелігі біз жүк көтеруі 350 тонна болатын кранды қолданатындығымызда. Бұл үлкен машина.
Павлодар МХЗ жаңғырту жобасы барлық елдің бірігуімен жасалып отыр. Онда еуропалық, оңтүстік-кореялық, американдық, қытайлық және ресейлік компанияның үлесі бар.
Бізге Омск мұнай өңдеу зауытының жұмыс тәжірбиесі көп көмек берді. Шамамен 1000 ресейлік маман шекара маңы ынтымағын кеңейтумен біздің жобамызға қатысуда.
- Бұдан бұрынырақ Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы Қанат Бозымбаев қазақстандық МӨЗ-дар жекешелендіруге қойылған кәсіпорындар тізімінде жаңғырту аяқталғаннан кейін сатылады деген болатын. Бұған сіз қалай қарайсыз?
- Павлодар МХЗ біраз ақша салынғаннан кейін, ал ол ақшалар, қарыз ақшалар, кәсіпорынның құны да айтарлықтай болады.
Сондықтан кәсіпорынды сату мәселесі оны жаңғырту жұмысы толық аяқталғаннан кейін ғана қарастырылған дұрыс болады.
Ал егер сатып алушы табылып жатса, онда ол бірінші кезекте кепілді шикізат жеткізілімін қамтамасыз етуі керек. Басқаша мүмкін емес!
Күлпаш Қоңырова