Шымкент кілемінде – грек-рим күресі шеберлері

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2994

Оңтүстік төріне төселген боз кілемдегі балуандар белдесуін грек-рим күресі шеберлері бастады.

Шымкент кілемінде – грек-рим күресі шеберлері Фото: olympic.kz

Биыл күрес түрлерінен, атап айтқанда, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы мен ІV Қазақстан чемпионаты біріктіріліп өткізілді. Екі бірдей айдармен өткен боз кілем белдесулерінің ашылу салтанатына Азия күрес федерациясының президенті және UWW бюро мүшесі Дәулет Тұрлыханов, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің спорт дерекциясы басшысы Елсияр Қанағатов, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты мен Спартакиадасына еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан 400-ден астам балуан жиналыпты. Әуелі Шымкент кілеміне "классиктер" шығып, 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Мұнда, негізінен, ұлттық құрама сапындағы еліміздің үздік балуандары топ жарды.

Десек те, кейбір салмақтарда халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген қас шеберлеріміз екінші орынмен шектелді. Мәселен, 67 келі салмақ дәрежесінде Алмат Кебісбаев жарақатына байланысты финалдық белдесуге шықпай, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал 97 келіде белдескен Ерұлан Ысқақов пен Әлімхан Сыздықов арасындағы белдесуде төрешілер жеңісті жергілікті балуанға берді.

Грек-рим күресінен жалпы командалық есепте бірінші орынды Шымкент балуандары иеленді (2 алтын, 4 қола). Алматы облысының қас шеберлері екінші орынды көңілге медеу тұтты (2 алтын, 3 қола). Ал Алматы қаласының білекті жігіттері үшінші орынға орналасты (2 алтын). Қалған төрт алтын Астана қаласының (1+1+1), сондай-ақ Ақтөбе (1+1+0), Түркістан және Атырау (1+0+0) облыстарының құрамаларына бұйырды.

55 келі:
1. Қорлан Жақанша (Алматы қаласы) 
2. Аманғали Бекболатов (СҚО)
3. Бауыржан Садуақас (СҚО) және Жансерік Сәрсенбиев (Жамбыл обл)

60 келі:
1. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе обл)
2. Нұрболат Темірбаев (Ақтөбе обл)
3. Ернар Фидахметов (ШҚО) және Олжас Сұлтан (Алматы)

63 келі:
1. Жолдыбай Тоқбаев (Түркістан обл)
2. Ернұр Фидахметов (ШҚО)
3. Құдайберген Тұрсынов (ШҚО) және Әділхан Сатаев (Шымкент)

67 келі:
1. Мейіржан Шермаханбет (Шымкент)
2. Алмат Кебіспаев (Астана)
3. Нұртай Нұрғалиев (Алматы обл) және Данияр Қаленов (СКО).

72 келі:
1. Демеу Жадыраев (Алматы обл)
2. Ибрагим Магомадов (Қарағанды обл)
3. Өмірзақ Абдунасыр (Жамбыл обл) және Зелимхан Усманов (СҚО)

77 келі:
1. Асқат Ділмұхамедов (Алматы)
2. Темірлан Шадуқаев (Костанай)
3. Асқат Жаңбыров (Шымкент)

82 келі:
1. Мақсат Ережепов (Атырау)
2. Мирас Баршылықов (Қостанай)
3. Сұлтанбек Шалабаев (Астана) және Сейдахмет Дүйсенов (Астана)

87 келі:
1. Азамат Құстыбаев (Астана)
2. Хусейн Муцольгов (Қарағанды обл)
3. Санжар Темірбек (Алматы обл) және Қордабай Мейірбек (Жамбыл обл)

97 келі:
1. Әлімхан Сыздықов (Шымкент)
2. Ерұлан Ысқақов (Қарағанды обл) 
3. Олжас Сырлыбай (Қызылорда обл) және Бақтияр Жылысбай (Қарағанды обл)

130 келі:
1. Дамир Күзембаев (Алматы)
2. Мансұр Шадуқаев (Қостанай обл)
3. Егор Чжин (СҚО) және Салауат Ахметқалиев (ШҚО)

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу