"СК-Фармация" ісі: Берік Шәріп ақталды

1592

Экс-басшы 11 ай тергеу изоляторында отырды.

"СК-Фармация" ісі: Берік Шәріп ақталды

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотында "СК-Фармация" ЖШС бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Судья Қанат Дүйсембиевтің үкімімен "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп ақталып, қамаудан босатылатын болды.

Дүйсембиев экс-басшыны ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша ("Ұңғысыз атыс қаруын, газ қаруын, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды, олардың патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша айыпты деп танып, 1000 АЕК немесе 2 млн 778 мың көлемінде айыппұл салды.

Сондай-ақ Берік Шәріп ҚР Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану") бойынша кінәлі емес деп танылды.

Тергеу барысында Берік Шәріптің заңсыз қару сақтағаны анықталған.

Айта кетейік, 2020 жылғы тамызда "СК-Фармация" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп ұсталған еді. Оған коронавирус пандемиясы кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды, қаруды заңсыз сақтады деген айыптар тағылды. 

Прокурор экс-басшыны Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ол Берік Шәріптен "Ерен еңбегі үшін" наградасын қайтарып алуды ұсынған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу