СҚО-да ондаған фермер жайылымы мен шабындығынан айырылуы мүмкін

3706

Солтүстік Қазақстан облысында тағы да жер мәселесі басты назарда.

СҚО-да ондаған фермер жайылымы мен шабындығынан айырылуы мүмкін

Тек бұл жолы әңгіме учаскелерін жоғалтқан пайшылар емес, бұрын алған шабындық пен жайылымынан айырылудың алдында тұрған фермерлер туралы болмақ. Себебі олар учаскені бір кезде конкурссыз, яғни бұзушылықтармен алған. Дегенмен бизнесмендер бұл жағдайда өздері еш кінәлі емес екенін алға тартады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер мен фермерлердің өздері жиналды. Фермерлердің шенеуніктерге қатысты сұрақтары бар. Өз уақытында, шенеуніктер заңнамалық нюанстарға аса мән бермей, бизнеске жер бөліп берген. Ал қазір бес немесе 10 жылдан кейін сонысы естеріне түсіп, кәсіпкерлерден жерді сот арқылы алып қоюды көздейді.

Заң кеңесшісі Елена Пригоженконың айтуынша, мәселе жаппай орын алып, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында 30-дан астам талап-арыз дайындалып, 16 іс экономикалық сотта қаралып жатыр.

Фермерлер жерге оны жыл бұрын иелік ете бастаған. Осы аралықта мол қаражат та құйып үлгерген. Облыс көлемінде есептесек, шамамен 6 млрд теңгеден астам ақша құйған. Оның тек 230 млн-ының өзі жайылымдарды түбегейлі жақсартуға арналған. Мұндай мәліметті заңгерлер ұсынады. 

"Біз 2014 жылы Бастомар ауылдық округінің шешімі бойынша жер алдық. Мал шаруашылығы бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарламаларға қатыстық. Енді келіп жерді алып қоятынын хабарлап отыр. Біз несие алдық, лизинг алдық. Енді не істеу керектігін білмей далмыз. Конкурс өтпегеніне біздің не кінәміз бар?", – дейді "Атабай" шаруа қожалығының өкілі Альфия Құлжабаева.

"Азықтық шөп, пішендік шөп себуге, сонымен бірге сүрлемге, тыңайтқыш енгізуге – түбегейлі жақсартуға қомақты қаражат салдық қой", – деп үстейді "Возвышенка-СК" ЖШС директорының орынбасары Денис Посовец.

Облыста қарапайым халыққа жайылым жетіспейді – бұл ежелден белгілі мәселе.

Ресми дерек бойынша, биыл алғашқы бес айда ғана 540 мың гектар жер тапшы болған. Алайда палатадағы отырыста анықталғандай, мәселе бұған ғана тіреліп тұрмағанға ұқсайды. Себебі қазір мүлде жойылып кеткен елдімекендердегі жерлерді де "тартып алғалы" отыр деп дабыл қағады фермерлер. Оның үстіне "жойылып кету қаупі бар ауылдарды ұстап тұрған да біз" дейді олар.

Осыны айта келе, өздерінің бизнесі тоқтаса, ауылдағы кейбір адамдар жұмысынан айырылатынын алға тартып, билік өкілдерінен мәселені дұрыстап зерделеуін өтінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу